Никель және мыс аммиакаттарын алу.
Бірінші пробиркаға 3-5 тамшы 1 н никель сульфатының NiSO4 ерітіндісін, ал екінші пробиркаға сол мөлшерде 0,5 н мыс сульфатын – CuSO4 құйып, сонан соң әр пробиркаға тамшылап 10% NH4OH аммиак ерітіндісін, никель (ІІ) гидроксиді мен мыс (ІІ) гидроксиді тұнбаға түскенше қосады. Тұнбаның үстіне аммиак ерітіндісін артығымен қосқанда, тұнба еріп, никель және мыс аммиакаттары түзіледі. Мыс аммиакаты бар пробиркаға 10 тамшы этил спиртін қосқанда, мыстың комплексті тұзы кристалды түрде тұнбаға түседі.
Никель және мыс аммиакаттарының түсі қандай болады? Комплекс тұздарының алынуын молекулалық және иондық түрде жазып көрсетіңіз.
Ni2+ - координациялық саны 6-ға тең, алынған комплексті тұздың атын атап жазыңыз.
Кобальттың комплексті тұздарын алу.
Екі пробиркаға 3-4 тамшы СоСl2 кобальт (ІІ) хлориді тұзының 1 н ерітіндісін құйып, бірнеше пробиркаға тамшылатып, концентрлі тұз қышқылын HCl ерітіндісінің түсі өзгергенше қосқанда, [СоСl4]2- комплексті ионының түзілетінін дәлелдейді.
Екінші пробиркаға KCSN калий роданиді тұзының бірнеше түйір кристалдарын қосып, кристалл ерігенше ерітіндіні араластырып, шайқайды. Ерітіндінің түсі өзгеріп, комплексті ион [Cо(CSN)4]2- түзіледі. Кобальттың комплексті тұзы ерітіндіні қандай түске бояйды. Комплексті тұз түзілу реакциясын молекулалық және иондық түрде жазып, түзілген тұздың атын атаңыз.
Тәжірибе 2. Қос тұздардың диссоциациялануы.
Үш пробиркаға 4-5 тамшыдан NH4Fe(SO4)2 ерітіндісін құйыңыз. Бірінші пробиркаға 4-5 тамшы калий роданидін қосыңыз. Ерітінді қандай түске боялады? Осы реакцияға қандай ионның қатысы барлығын анықтаңыз. Реакцияны молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
Екінші пробиркаға 4-5 тамшы барий хлоридінің ВаСl2 ерітіндісін қосыңыз. Тұнбаға түскен заттың түсі қандай? Осы реакцияның нәтижесінде тұнбаға барий сульфаты түсетінін ескеріп, молекулалық және иондық түрде реакция теңдеуін жазыңыз.
Үшінші пробиркадағы ерітіндінің үстіне 4-5 тамшы 2 н NаОН натрий гидроксидін құйып, қайнағанша қыздырыңыз. Пробирканың аузына ылғалданған қызыл лакмус қағазын ұстап, бөлініп шыққан газды заттың иісінен және қағаздың түсінен анықтайды. Реакция нәтижесінде қандай газ бөлініп шықты. Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз. Темір (ІІІ) аммоний ашудасының диссоциациялануын жазыңыз.
Тәжірибе 3. Комплексті қосылыстардағы иондардың әрекеттесуі.
Берлин лазурі тұзының алынуы.
Пробиркадағы 4-5 тамшы FeСl3 темір (ІІІ) хлориді немесе Fe2(SO4)3 темір (ІІІ) сульфатының ерітіндісіне 0,5 н K4[Fe(CN)6] калий гексацианоферраты (ІІ) ерітіндісін тұнба түскенше қосады. Тұнбаның түсі қандай түске боялады? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін және берлин лазурінің комплекстік тұз ретінде атын атап жазыңыз.
Калий гексацианоферраты (ІІ) ерітіндісінің мыс (ІІ) ионымен әрекеттесуі.
Пробиркадағы 4-5 тамшы CuSO4 мыс сульфатының ерітіндісіне 0,5 н K4[Fe(CN)6] калий гексацианоферраты (ІІ) ерітіндісін тұнбаға Cu2[Fe(CN)6] түскенше қосады. Тұнбаның түсі қандай түске боялады? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз. Тұнбаның атап, K4[Fe(CN)6] қандай иондарды анықтау үшін қолданылатынын дәлелдеңдер.
Турнбуль көгін алу жолы.
Пробиркадағы 5-6 тамшы 0,5 н K3[Fe(CN)6] калий гексацианоферраты (ІІІ) ерітіндісіне FeSO4 темір (ІІ) сульфатының ерітіндісін қосады. Ерітінді қандай түске боялады? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз.
Тапсырма:
Ерітінділерді таңдап алу.
Реакцияларды жасау.
Реакция теңдеулерін жазу.
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар:
1. Бірімжанов Б, Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы «Ана тілі», 1992ж.
2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М. «Высшая школа», 2001г.
3. Практикум по неорганической химии под ред. Воробьева А.Ф., Дракина С.Н. М., Химия, 1987.
Негізгі схемалар, формулалар:
Координациялық қосылыстардың жіктелуінің сызбанұсқасы.
Бақылау сұрақтары:
Координациялық сан дегеніміз не?
Комплексті қосылыстардағы байланыстардың түрі. Комплексті иондардың зарядын және комплекс түзушінің тотығу дәрежесін табу.
Комплексті қосылыстарды жіктеу, номенклатурасы.
Достарыңызбен бөлісу: |