Химия лаб раб



бет17/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc

Зертханалық жұмыс №9

Тақырыбы: Қышқылдар мен сілтілердің металға әсері.

Жұмыстың мақсаты: Металдардың активтігін бақылау.

Жалпы мағлұматтар: Барлық металдардың сыртқы қабатында электрон саны аз және олар ядродан біршама алыс жерде орналасқан. Сондықтан, химиялық реакция кезінде металл атомдары сыртқы электронын оңай беріп тотығады, өзі оң ионға айналады. Демек, металдар тотықсыздандырғыш болып табылады. Олардың иондану энергиясы өте төмен. Металдар ешқашан электрон қосып алмайды, яғни тотықтырғыш қасиет көрсетпейді.

Металдар тотықсыздандырғыш болғандықтан, әртүрлі тотықтырғыштармен, металл еместермен, қышқылдармен және тұздармен әрекеттеседі.

Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі, металдың кернеу қатардағы орны мен қышқылдың тегіне, оның концентрациясына байланысты.

Кернеу қатарында, сутегіне дейін орналасқан металдар сұйытылған қышқыл ерітінділерінен сутегін бөледі. Мұнда сутегі ионы тотықтырғыш болып табылады:

Fe + 2H+→Fe2++H2

Концентрлі күкірт қышқылы темірге әсер етпейді. Себебі, концентрлі күкірт қышқылында темір пассивтенеді. Өте активті металдар сумен әрекеттесіп сутегін бөледі.



Құрал-жабдықтар, реактивтер:

  1. Пробирка, мензурка; Металдар жиынтығы;

  2. Тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы.

Жұмыстың жасалу реті.

Тәжірибе 1. Сұйытылған күкірт қышқылы мен тұз қышқылының металға әсері.

Төрт пробиркаға 2-3 мл 10% тұз қышқылын құйыңыз. 1-ші пробиркаға шпательдің ұшымен темір, 2-ші пробиркаға мырыш ұнтағын, 3-не алюминий және 4-ші пробиркаға мысты салыңыз. Қай металл қышқылмен реакцияға түседі?



Тәжірибе 2. Осы тәжірибені 2н күкірт қышқылымен жүргізіңіз. Не байқадыңыз?


Қышқыл формуласы

Қышқыл концентрациясы

Алынған

металл


Реакцияның иондық теңдеуі

Түзілген тұздардың

формуласы

















Тәжірибе 3. Концентрлі күкірт қышқылының темір және мысқа әсері. (жұмысты сорғыш шкафта жүргізу керек).

Екі пробиркаға 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын, содан соң 1-ші пробиркаға темір ұнтағын, ал 2-шісіне мысты салыңыз. Пробирканы газ өтетін түтігі бар тығынмен тығындап, түтіктің екінші жағын бос пробиркаға салыңыз. Салқын кезде реакция жүрмейтініне көз жеткізгеннен кейін, екі пробиркадагі ерітінділерді жайлап, қыздырыңыз. Реакция жүргеннен кейін қыздыруды тоқтатыңыз. Тотығу-тотықсыздану реакцияның электрондық теңдеуін жазыңыз.



Тәжірибе 4. Азот қышқылының мысқа әсері (жұмысты сорғыш шкафта жүргізу керек!!!).

Екі пробиркаға мыстың түйірін салып, 1-ші пробиркаға 2-3 мл сұйытылған азот қышқылын, 2-шісіне концентрлі азот қышқылын құйыңыз. Егер 1-ші пробиркада реакция жүрмесе, абайлап қыздырыңыз. 1-ші және 2-ші пробиркада қандай газдар түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңыз.



Тәжірибе 5. Алюминийдің пассивтенуі.

Пробиркаға алюминийді салып, оған 2-3 мл концентрлі азот қышқылын құйыңыз. 3-4 мин өткен соң қышқылдарды басқа пробиркаға құйып алыңыз. Металды сумен жуып, оған 2 н тұз қышқылының ерітіндісін қосыңыз. Неліктен алюминий азот қышқылынан кейін тұз қышқылымен реакцияға түспейді?



Тәжірибе 6. Сілтілердің металға әсері.

Екі пробиркаға 2-3 мл 30% КОН ерітіндісін құйыңыз. 1-ші пробиркаға мырыш ұнтағын, ал 2-шісіне алюминий ұнтағын салыңыз. Егер реакция жүрмесе, пробирканы қыздырыңыз. Газ бөліне бастағанда, пробирканың үстіне тұтанған шырпыны апарыңыз. Не байқадыңыз? Нәтижесінде мырыш және алюминий қышқылы түзілетінін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңыз.



Тапсырма:

  1. Жұмыс барысында байқаған құбылысты түсіндіріп беріңіз.

  2. Барлық реакция теңдеуін жазу.

  3. Тотығу-тотықсыздану реакциясының электрондық теңдеуін жазу.

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар:

1. Бірімжанов Б, Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы «Ана тілі», 1992ж.

2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М. «Высшая школа», 2001г.

3. Практикум по неорганической химии под ред. Воробьева А.Ф., Дракина С.Н. М., Химия, 1987.



Жұмыста қолданатын негізгі схемалар мен формулалар:

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.



Бақылау сұрақтары:

1. Металдардың химиялық қасиеті қалай өзгереді?

2. Металдардың физикалық қасиеті қандай?

3. Металдардың тотығу дәрежелеріқандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет