Химия лаб раб



бет15/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc

Зертханалық жұмыс №8

Тақырыбы: Комплексті қосылыстарды алу.

Жұмыстың мақсаты: Комплексті қосылыстардың алынуын, құрамын, құрылысын, қасиеттерін білу.

Жалпы мағлұматтар: Комплексті қосылыстар туралы ілімінің негізін жасаған Швейцария ғалымы Альфред Вернер. Комплексті қосылыстар деп, жай бинарлы молекулалардан түзілетін, жаңа электрон жұптарын түзбейтін құрамдары тұрақты, күрделі заттарды айтады. Бұл қосылыстар донорлы-акцепторлы байланыстар барысында алынады. Донорлы молекула өзінің электрон жұбын берсе, акцепторлы молекула өзінің бос орбиталін ұсынады да, нәтижесінде донорлы-акцепторлы байланыс түзіледі.

Комплексті қосылыстар орталық атомнан (немесе ионнан) тұрады, бұл атомның айналасына басқа атомдар, иондар немесе молекулалар топтасады (координацияланады).

Айналасына басқа бөлшектер топтасатын орталық атомды (немесе ионды), комплекс түзгіш деп атайды.

Орталық атомның айналасына топтасатын ион мен бейтарап молекулаларды лигандтар деп атайды.

Мысалы, [Cu(NH3)4]SO4; Cu2+-ионы комплекс түзгіш, ал аммиак молекулалары лигандтар болып табылады. Орталық комплекс түзуші атоммен байланысқа түскен лигандтардың жалпы саны, орталық атомның координациялық саны деп аталады. Мысалы, [Cо(NH3)6]Сl2 қосылысындағы Cо2+ катионының координациялық саны 6-ға тең. Ал [Cо(NH3)2Сl2] қосылысында Cо2+ катионының координациялық саны 4-ке тең.

Комплексті қосылыстағы комплекс түзушінің тотығу жағдайына сәйкес өзінің координациялық саны болады. Тотығу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, олардың координациялық сандары да неғұрлым көп болады. Мысалы, Pt2+ катионы үшін координациялық саны 4, ал Pt4+ үшін координациялық саны 6 болады.

Қосылыс құрамындағы лигандтар комплекс түзгішпен өте берік байланысқандықтан, комплексті иондардың диссоциациялану дәрежесі өте төмен. Қосылыстың сыртқы сферасындағы байланыстардың беріктігінің әртүрлі болуы, комплексті қосылыстың диссоциациясының ішкі және сыртқы сфераларының арасынан өтуіне алып келеді.

K3[Fe(CN)6] → 3K+ + [Fe(CN)6]3-

Комплексті ионның заряды, осы ионды құрап тұрған комплекс түзгішпен лигандтардың зарядтарының алгебралық қосындысы арқылы анықталады. Мысалы, [Pt(NH3)4Сl2]2+ комплекстүзгіш Pt4+, лигандтар NH3, Сl-. Комплексті ионның заряды +4 -0∙4+(-1)∙2=4-2=+2.

Комплексті ионның заряды анықталғаннан кейін, оған заряды қарама-қарсы, саны бірдей сыртқы сфераның зарядын да табуға болады. Мысалы, K3[Fe(CN)6] бұл қосылыстың сыртқы сферасында 3K+ катионы бар екені белгілі. Олай болса, комплексті ионның заряды -3 болады.

Комплексті қосылыстардың аталуына байланысты олардың құрамы анықталады. Атауларын айтқанда комплексті ионның зарядына тәуелсіз бірінші анион, сонан соң катионның аты аталады. Анионның аталуы атау септікте, ал катионның аталуы ілік септікте айтылады. Комплексті иондарды атағанда, төмендегі ережелерге сүйену керек:

1. Ішкі сферадағы бейтарап молекулалардың аты аталады. Олардың ішінде алдымен:

а) Алғаш NH3 амин деген сөзді қолданып, аммиак молекулалары аталады;

б) Сонан соң, осы аммиактың туындысы болып саналатын әртүрлі: СН3NH2 – метиламин, С5Н5N – пиридин, NH2-СН2-СН2- NH2 – этилдиамин және т.б.

в) Соңында акво- сөзін қолданып, су молекулаларының аты аталады.

2. Осыдан кейін, ішкі сфераға кіретін теріс иондардың аттары олардың латынша аттарына о- жалғауын жалғау арқылы айтылады. Мысалы: Fфторо, Cl--хлоро, OH--гидроксо, CN--циано және т.б.

3. Соңында комплекс түзгіш элемент атомының (ионының) тотығу дәрежесі көрсетіледі.

Комплекстүзгіш аталғанда ол комплексті ион катион ба, әлде анион ба оған да байланысты. Егер комплексті ион оң зарядталған катион болса, онда комплекс түзгіш аты ілік септікте аталады да, жақшаның ішіне рим цифрімен тотығу дәрежесі жазылады. Мысалы, [CоСl2Н2О(NH3)3]Сl – триамин-акво-дихлоро кобальттың (ІІІ) хлориді.

Егер комплексті ион теріс зарядталған болса, онда комплекс түзгіш элемент атомы латынша аталады да, оған «ат» деген жалғау жалғанады. Ал алдына жақшаның ішіне рим цифрімен тотығу дәрежесінің мәні жазылады. Мысалы,

K4[Fe(CN)6] – калийдің гексациано (2+) ферраты;

K3[Fe(CN)6] – калийдің гексациано (3+) ферраты.

Электролит емес заттардың комплексті қосылыстарын атағанда, комплекс түзгіштің тотығу дәрежесі жазылмайды.



Құрал-жабдықтар, реактивтер:

  1. Пробирка, мензурка; Никель, мыс сульфаттары; Аммоний гидроксиді;

  2. Кобальт (ІІ) хлориді, барий хлориді; Калий роданиді; Тұз қышқылы;

  3. Мор тұзы немесе темір (ІІ) сульфаты; Натрий гидроксиді;

  4. Темір (ІІІ) хлориді немесе темір (ІІІ) сульфаты;

  5. Калий гексацианоферраты (ІІ); Калий гексацианоферраты (ІІІ).

Жұмыстың жасалу реті.

Тәжірибе 1. Комплексті қосылыстардың алынуы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет