4. Уланған жағдайда жасалатын алғашқы көмек
-
Улы газдармен уланған жағдайда адамды тез арада далаға шығарып, таза ауамен дем алдыру керек. Егер уланған адам есінен танып жатса, онда адамды жасанды жолмен дем алдырып, нашатыр спиртін иіскету немесе 3-5 тамшы тамызу керек.
-
Аммиакпен уланған кезде таза ауаға шығарып, ыстық су буымен дем алдыру керек. Броммен уланған жағдайда аммиак иіскету керек.
-
Қышқыл немесе сілті көзге шашыраған болса, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дәрігерге көріну қажет.
-
Егер мышьяк, сынап қосылыстарымен және циан тұздарымен уланған болса,оны тез арада дәрігерге апарған жөн.
-
Сұйық химиялық ерітінділермен уланған кезде ең алдымен асқазанды сүт өнімдерімен жуу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |