Зертханалық жұмыс №11
Тақырыбы: d-элементтедің химиялық қасиеттері.
Жұмыстың мақсаты: d-элементтермен танысу, оларды алу және қосылыстарының қасиеттерін білу.
Жалпы мағлұматтар: Периодтық жүйеде 35 d-элемент бар. 4-ші, 5-ші және 6-шы периодтарда 10-нан d-элементтер бар.
d-элемент атомдарында ішкі энергетикалық деңгейінің d-деңгейшесі толады. d-элементтердің атомдарында сыртқы электрондық қабатында s2 екі электрондары болады. Бірақ d-элементтердің тоғызында – Nb, Cr, Mo, Ru, Rh, Pt, Cu, Ag, Au – сыртқы қабатындағы 1 электронның ішке құлау нәтижесінде s1 болады. Ал палладий атомында электронның қосарланып түсу нәтижесінде сыртқы қабатында екі электрондары да ішке еніп, s-электронсыз болады.
d-элементтердің барлығы металдар.
Табиғатта мыс аз тараған. Салмағы бойынша жер бетінде оның мөлшері 0,01%. Көбінесе мыс сульфиттер түрінде кездеседі. Таза мыс – қызыл, жұмсақ металл. Ол жылуды, электр тогін жақсы өткізеді, коррозияға берік. Соған орай қазіргі кезде техниак үшін таптырмайтын материал. Мысты түрлі қорытпалар алу үшін пайдаланады. Мыс қорытпалары автомобиль, самолет, машина жасау өнеркәсібінде қолданылады. Таза мыс электротехника үшін қажет.
Мыстың химиялық актитігі төмен. Алайда ылғал әсерінен мыстың бетін жасыл мыс гидрооксокарбанаты басады. Мыс оттегімен, галогендермен және күкіртпен тікелей әрекеттеспейді. Металдардың кернеу қатарында сутегінен кейін орналасқандықтан, ол сұйық қышқылдардан сутегін бөле алмайды. Азот қышқылы мен концентрлі күкірт қышқылы мысты ерітеді.
Мыс оттегімен екі оксид түзеді: мыс (ІІ) оксиді СuО және мыс (І) оксиді Сu2О.
Достарыңызбен бөлісу: |