Химия лаб раб


Зертханалық жұмыс журналын толтыру



бет6/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc

Зертханалық жұмыс журналын толтыру

  1. Күні;

  2. Зертханалық жұмыстың аты және номері;

  3. Жұмыс жасау реті;

  4. Реакция теңдеулері, прибор схемасы, есептеулер, графиктер және кестелер;

  5. Қорытынды.


Зертханалық жұмыс №2



Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары.

Жұмыстың мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың кластарының химиялық қасиеттерімен танысу, реакция теңдеулерін жазу.

Жалпы мағлұматтар: Барлық бейорганикалық күрделі заттар өздерінің құрылысы мен жалпы ұқсас қасиеттеріне қарай төрт негізгі кластарға бөлінеді, бұлар: оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар деп аталады.

Оксидтер деп екі элементтен тұратын, оның бірі оттегі болатын күрделі заттарды айтады.

Негіздер деп металл катионымен бір немесе бірнеше гидроксид аниондарынан тұратын күрделі заттарды айтады.

Қышқылдар деп, құрамында бір немесе бірнеше сутек катиондары және қышқыл қалдығы аниондарынан тұратын күрделі заттарды айтады.

Тұздар деп, құрамы металл катиондарынан және қышқыл қалдықтарының аниондарынан тұратын күрделі заттарды айтады.

Құрал-жабдықтар, реактивтер:


    1. Пробиркалар;

    2. Мыс сымы, темір шеге;

    3. Күміс нитратының 0,1 н ерітіндісі, мыс нитраты ұнтағы;

    4. Аммоний бихроматы ұнтағы;

    5. Алюминий сульфатының 1 н ерітіндісі;

    6. Күкірт қышқылының 2н ерітіндісі, тұз қышқылының 2 н ерітіндісі;

    7. Магний оксиді мен мыс (ІІ) оксиді ұнтағы;

    8. Натрий, барий хлоридтерінің 1 н ерітіндісі;

    9. Натрий гидроксидінің 2 н ерітіндісі;

    10. Кальций карбонаты ұнтағы;

    11. Фенолфталеин индикаторы.

Жұмыстың жасалу реті:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет