Химия пәні бойынша pisa халықаралық зерттеуіне дайындық жоспары



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі51 Kb.
#183387
  1   2   3
Байланысты:
Пиза 2020-2021 жоспар (1)


« Бекітемін » « Келісемін »
Мектеп директоры: Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары:
___________ Қ.Қ.Махамбетов ___________ Г.М.Акимова
«31» тамыз 2021ж «28» тамыз 2021ж
Химия пәні бойынша
PISA халықаралық зерттеуіне
дайындық жоспары

2021-2022 оқу жылы


Пән мұғалімі: Умбет Ж.Қ



Атырау қаласы
Түсінік хат
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің білім алушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді. PISA – халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығынан игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік
жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді. PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы
әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады. Зерттеу мәртебесі әрбір кезеңдегі қатысушы елдер санының артуымен де дәлелденеді. Біздің еліміздің PISA зерттеуінің 4 цикіліне (2009, 2012, 2015, 2018 жылдар) қатысудан тәжірибесі бар. Алынған нәтижелер бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оқытудың жаңа технологияларын енгізуге ықпал жасады. Халықаралық зерттеуге қатысу әр ел үшін білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірудің негізгі себебі болып табылады. Яғни білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуы, білім алушының өзін-өзі дамытуды жоғары деңгейде іске асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу, өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет