Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет150/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Потенциометриялық әдісте неше электрод қолданылады?

  2. Индикаторлық және салыстырмалы электродтар қалай жұмыс істейді?

  3. Тура потенциометрия және потенциометриялық титрлеуді қалай жүргізеді?

  4. Интегралды және дифференциалды графиктерді қалай құрады?



Дәріс 28. КОНДУКТОМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ.
ТУРА КОНДУКТОМЕТРИЯ ЖӘНЕ КОНДУКТОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ

Кондуктометрия әдісінің негізіне анализденетін ерітіндінің электр өткізгіштігі, яғни электр өткізгіштік пен ерітіндідегі иондар концентрациясы арасындағы тәуелділік алынады. Электрөткізгіштік деген заттың электр тоғын өткізу қабілеті. Электролиттер ерітіндісінде электр тоғын таситындар – иондар. Ерітіндінің электр өткізгіштігі оның кедергісіне кері шама: W=1/R.


Электр өрісінде аниондар анодқа, катиондар катодқа тартылады. Ерітіндінің электрөткізгіштігі деп уақыт бірлігі ішінде ерiтінді арқылы өткен электр мөлшерін атайды.
Сонымен, ерітіндінің электр өткізгіштігі иондардың санымен, жылдамдығымен (қозғалғыштығымен), иондар зарядымен анықталады және еріткіштің табиғаты мен температураға байланысты болады. Ерітіндінің меншікті электрөткізгіштік ϰ және эквиваленттік электр өткізгіштік λ деген ұғымдары бар. Ауданы 1см2 өзара 1см арақашықтықта орналасқан екі электрод арасындағы 1см3 электролиттің электрөткізгіштігін меншікті электрөткізгіштік ϰ деп атайды. Өлшем бірлігі, См/см не Ом-1∙см-1. Эквиваленттік электрөткізгіштік λ - арақашықтығы 1см екі электрод арасында орналасқан құрамында 1 эквивалент зат бар электролит ертіндісінің электрөткізгіштігі. Өлшем бірлігі См ∙ см2/экв-1. Аналитикалык химияда көбінесе эквиваленттік электр өткізгіштік λ пайдаланады. Меншікті электр өткізгіштік пен эквиваленттік электрөткізгіштік арасында мына формуламен өрнектелетін байланыс бар: λ= ϰ1000/Cн.
Еріген электролиттің концентрациясы өскен сайын иондардың да мөлшері артады, яғни меншікті электрөткізгіштік артады. Бірақ меншікті электр өткізгіштік белгілі бір максимал мәнге жеткен соң оның мәні азая бастайды, себебі күшті электролиттер үшін релаксация эффектісі және электрофорезді эффект күшейеді, ал әлсіз электролиттер үшін олардың диссоциация дәрежелері азаяды. Релаксациялық эффект және электрофорезді эффект - электр тоғы өрісінде қозғалатын ерітіндідегі иондардың еріткіш молекулаларынан және оларды қоршаған қарама-қарсы зарядталған иондардан олардың қозғалысын тежейтін әрекет. Осы тежейтін әрекет нәтижесі – ерітіндінің кедергісі болады.
Ерітіндіні сұйылту кезінде λ артады. Егер шексіз сұйылтса λ максимальды шамасына жетеді λ∞.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет