Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Кольрауш заңы немесе аддитивтілік заңы



бет151/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
Кольрауш заңы немесе аддитивтілік заңы: Электролиттің шексіз сұйылту кезіндегі эквиваленттік электрөткізгіштігі катион(к) мен анионның(а) қозғалғыштықтарының қосындысына тең болады.
λ∞=λк + λа
Иондар қозғалғыштығы кестелерде (таблицаларда) беріледі. Ол ионның зарядына және радиусына тәуелді.
Ең жоғарғы қозғалғыш иондар – сутек және гидроксид 25°С –та λн+ = 350
λонˉ = 199. Қалған иондар қозғалғыштығы 30-70 аралығында.
Электрөткізгіштікке келесі факторлар әсер етеді:
1. электролит табиғаты
2. электролит концентрациясы
3. температура
4. еріткіш табиғаты
Күшті электролиттер үшін λ біртіндеп кемиді, сұйылтқанда әлсіз электролиттің диссоциациялану дәрежесі α артады, сол себептен сұйылту нәтижесінде электрөткізгіштік көп есе артады.
Температура артқан сайын электрөткізгіштік артады. Температураны 1°С арттырса, электрөткізгіштік 2-2,5% артады.
Электрөткізгіштік кондуктометр аспабымен өлшенеді. Оның кестесінің негізіне Уитсон көпіршесін алады, ол кедергі өлшеу құрылғысы: жиілігі 500-5000Гц болатын айнымалы тоқ көзі, тоқ детекторы ретінде дүзеткіші бар микроамперметр (ноль-индикатор) алынады.
Ерітіндінің электрөткізгішін өлшеуге негізделген екі кондуктометриялық әдіс бар:
а) тура кондуктометрия
в) кондуктометриялық титрлеу.
а) Тура кондуктометрия аналитикалық химияда сирек пайдаланылады, себебі электрөткізгіштік - аддитивті шама, яғни иондардың жалпы концентрациясымен анықталады. Тура кондуктометрия келесі мақсаттарда пайдаланылады:
1. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесін α және диссоциациялану константасын анықтау үшін α = λ/ λ∞, Кдис = С2.
2. Тұнбалар ерігіштігін анықтау үшін.
3. Қозғалғыштығы жуық иондардың ерітіндідегі жалпы концентрациясын табу үшін.
4. Әр түрлі ішімдіктердің сапасын қадағалау үшін.
5. Еріткіштің тазалығын анықтау үшін.
6. Комплекс қосылыстардың құрамы мен тұрақтылық константасын анықтау үшін.
б) Кондуктометриялық титрлеу әдісі жиі пайдаланылады. Ерітіндіні қолайлы титрантпен титрлеп, ϰ өлшеп отырады. Эквиваленттік нүктені осы ϰ өзгерісі арқылы анықтайды. Қышқылдық-негіздік, тұндыру, комплекс түзу реакцияларын пайдаланады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын сирек пайдаланады, себебі оларда электрөткізгіштік аз өзгереді.
Артықшылығы:
1. Орындауы қарапайым.
2. Лайлы, түсті ерітінділерді титрлеуге болады.
3. Кейде ерітіндідегі қоспаны бөлмей титрлеуге болады.
4. Дәлдігі біршама жоғары - 2-4%, ал термостаттау пайдаланса - 0,2% болады.
5. Төмен концентрацияларды (10ˉ3 моль/л) титрлеуге (анықтауға) болады.
6. Судың жалпы кермектігін анықтауға болады.
7. Органикалық және сулы-органикалық ертінділерді титрлеуге болады.
Кемшілігі:

  1. Талғамдығы төмен.

  2. Тура кондуктометриялық өлшеулер қоспаларға сезімтал болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет