Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ (СПЕКТРОФОТОМЕТРИЯЛЫҚ) ТИТЛЕУ



бет162/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ (СПЕКТРОФОТОМЕТРИЯЛЫҚ) ТИТЛЕУ

Бұл әдісте де Бугер-Бер-Ламберт заңы қолданылады, ол үшін не титрант, не анықталатын зат ерітіндісі, не түзілген заттың ерітіндісі де жарық жұтуы керек, яғни түсті ерітінді болуы қажет. Оптикалық тығыздықтың көлемге тәуелділігі Aλ = f(VB) арасындағы байланыс бойынша график құрылады, VB – қосылған титрант көлемі. Эквивалент нүктені анықтап, кеткен көлемді табады, титриметриялық анализде қолданылатын формула арқылы анықталатын затты титрленетін ерітіндіден анықтайды:


Сн,В∙VB = Сн,А∙VА.
Фотометриялық титрлеуде қолданылатын реакциялар стехиометриялық, тез жүретін болуы керек, тепе-теңдік константасы жоғары болуы керек. Фотометриялық титрлеуде де титриметрияда қолданылатын барлық химиялық реакциялар қолданылады: қышқыл-негіздік әрекеттесу, тотығу-тотықсыздану реакциялары, комплекс түзілу, тұнбаға түсіру.
Абсорбционды спектроскопияның жетістіктері:
1. Сезімталдылығы;
2. Анализ нәтижесінің қайталанылулығы, яғни қатенің аз болуы, ол үшін ерітінді концентрациясы оптикалық тығыздығының мәні А = 0,2 – 1,2 арасында болатындай етіп дайындалуы керек.
3. Әдіс тез орындалады және өте көп заттарды анықтауға болады, яғни бір элементтің өзіне көптеген түсті ерітінді беретін реактивтер белгілі.
Фотометриялық әдістің нәтижесі дұрыс болуы үшін жарық монохроматты болуы керек, ерітіндіде басқа реакциялар жүрмеуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет