Бөліну коэффициенті () – екі бөлінетін (А және В заттары) заттардың бөліну дәрежесі. = КА/КВ не = DA/DB.
ХРОМАТОГРАФИЯЛЫҚ АНАЛИЗ
Хроматография процесі кезінде заттарды бөледі де сапалық және сандық анализ жүргізеді. Ол үшін 2 тәсіл қолданылады: 1)хроматографиялық бағанадан шыққан фракцияларды жинап, белгілі бір аналитикалық әдіспен анықтайды. 2)хроматографиялық бағанадан шығатын фракциалардың аналитикалық көрсеткіштерін (концентрация, оптикалық тығыздықты, электр өткізгіштікті т.б.) өлшейді не өздері жазатын құралдармен (детекторлар) тіркейді. Нәтижесінде хроматограмма алынады. Хроматограммадағы шыңның күйіне байланысты сапалық анализ жасауға, биіктігі (һ) мен ауданына (S) байланысты сандық анализ жасалады. Көбінесе заттар концентрациясын градуирлік график құру арқылы табады: һ = f(C), яғни биіктік (аудан) пен концентрация байланысы бойынша график құрады. Кең қолданылатын хроматография түрлеріне: сұйықтық (ионалмасу, таралу, жоғары тиімді сұйықтық) және газды хроматографиялар жатады.
Хроматографияда ионит (катионит, анионит) деп аталатын синтетикалық полимерлі заттар, ионалмасатын шайырлар қолданылады. Олар матрицадан (R) және активті топтардан (жылжитын иондары бар) тұрады. Катиониттерде қышқылдық сульфо- не карбоксил- топтары (RSO3H, RCOOH), аниониттерде – негіздік, аминотоптары (RNH2, RNH) болады. Ионалмасу тепе-теңдігі тепе-теңдік константасымен сипатталады: RKt + M+ ↔ RM + Kt+
Достарыңызбен бөлісу: |