Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


АНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет168/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

АНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Анализ жасағанда көптеген реактивтермен (улы, жанғыш, жарылғыш) жұмыс жасайды.


УЛЫ реактивтерге аммиак, бром, күкіртті сутек, сынап ерітінділері, мышьяк, барий хлориді, цианидтер, қымыз қышқылы және оның тұздары жатады.
ЖАНҒЫШ реактивтерге ацетон, бензол, спирттер, эфирлер, хлороформ т.б. органикалық еріткіштер жатады.
ЖАРЫЛҒЫШ заттарға күміс нитратының аммиактағы ерітіндісі, концентрлі хлор қышқылы (органикалық заттармен бірге болса) жатады.
Заттарды еріту үшін концентрлі қышқылдар қолданылады, сондықтан реакция нәтижелерінде улы заттар (НСl, SO2, H2S т.б.) бөлінеді. Анализ жасау кезінде электр құралдары қолданылады.

  1. Химиялық зертханада су ішуге және тамақ ішуге болмайды.

  2. Химиялық заттардың дәмін көруге және ішуге болмайды.

  3. Шыны ыдыстағы заттарды бірден қыздыруға болмайды, біртіндеп, ауыз жағын жұмыс істеп жатқандардан басқа жаққа ұстап қыздыру керек.

  4. Концентрлі қышқылдар мен концентрлі сілтілерді бір- біріне қосуға болмайды, бейтараптау үшін алдын ала оларды сұйылту керек.

  5. Сілтілік металдар гидроксидін сұйылту үшін оларды ақырындап сұйық суға құю керек және араластырып отыру керек.

  6. Концентрлі қышқыл және негіз ерітінділерін сұйылтпай раковинаға құюға болмайды.

  7. Құрғак NaOH және КOH гидроксидтерін, фторидтерді жалаңаш қолмен ұстауға болмайды.

  8. Қайнап жатқан ерітінділерді бір-біріне құюға болмайды және оларға құрғақ реагент салуға болмайды.

  9. Улы сұйық заттарды пипеткамен ауыз арқылы тартуға болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет