НАННЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Нанның қышқылдығы оның ашуының әсерінен болады. Нан ашыған кезде сүт қышқылы (СН3СНОН-СООН), аз мөлшерде сірке қышқылы
(СН3СООН), пропан, май қышқылдары түзіледі.
Жоғары сортты ұннан жасалған нан үшін қышқылдық мөлшері 2-30; 1 сорт ұны үшін 3-50; 2 сорт үшін 4-50; кебекті нан үшін 7-100 болу керек.
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ
Техникалық таразыда 25,00г нанның жұмсақ бөлігін өлшеп алып, 400-500 мл-лік стақанға салу керек.
250см3 дистильденген суды цилиндрмен өлшеп алып, 80-100см3 стақанға құйып, нанды жақсылап езу керек. Сосын судың қалған бөлігін стақанға құйып, 5 минуттай шыны таяқшамен араластыру керек. 10 минут тыныштыққа қойып, тағы да 5 минуттай араластырып, 40 минутқа қалдырындар.
Цилиндрмен 50,0см3 нанның ерітіндісін тұнбаны шайқамай құйып алып, 0,1н натрий гидроксидімен ерітіндіні қызарғанға дейін титрлендер. Индикатор ретінде фенолфталеин алу керек. (Натрий гидроксидін алдынғы зертханалық жұмыстан алады, оның концентрациясы анықталған). Титрлеуді үш рет жасандар.
Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек. Нанның қышқылдығын мына формуламен (градус ретінде) есептейді:
Достарыңызбен бөлісу: |