Байланысты: 260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
КАЛЬЦИЙ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ Химиялық стақанға пипеткамен 5см3 сүт құйындар, цилиндрмен 90-95см3 дистилденген су өлшеп алып құйыңдар, оған 5см3 натрий гидроксидін құйыңдар.
Бюреткадан 3,5см3 комплексон III көлемін құйыңдар, шыны таяқшаның көмегімен ерітіндіні жақсылап араластырыңдар.
2 минуттан соң 0,04г жуық мурексид индикаторын қосыңдар. Ерітінді түсі сирень түсі сияқты боялады. Кальций ЭДТА-мен рН ≥ 12 магнийге қарағанда тұрақты комплекс түзеді. Мурексид индикаторымен сілтілік ортада комплексон III –пен тек кальций ионы титрленеді, ал магний ионы бұл жағдайда тұнбаға түседі.
Комплексон III-тің артық мөлшерін CaCl2 ерітіндісімен титрлейді. CaCl2 ерітіндісін тамшылатып құйып, жақсылап араластыра отырып, қызарғанға дейін титрлейді. Осы ерітіндіні тағы тамшылатып құйып, комплексон III-пен сирень түске көшкенше қайта титрлейді.
I және II титрлеуге кеткен комплексонның жалпы көлемінен кері титрлеуге кеткен CaCl2 ерітіндісінің көлемін алып тастау керек. Сонда сүт құрамындағы кальцийге кеткен комплексон III көлемі (V1) табылады.
Кальций мөлшерін (Q масс.%) мына формуламен есептейді: