Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет193/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
Жұмыстың мақсаты: анализге қажет аспаптармен, жұмыс ережелерімен танысу. Анализге сынама алу, оны еріту, темірді тотықтыру және бос тигельдерді тұрақты массаға келтіру.
Негізгі міндеттер:
- гравиметриялық анализге ыдыс дайындау;
-анализге қажетті заттың нақты мөлшерін есептеу, аналитикалық таразыда өлшеу;
- түрлі аспаптармен жұмыс істеп үйрену (таразылар, электроплитка, муфель пеші, кептіргіш пеші, эксикатор).


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР:

- аналитикалық таразының құрылысын, жұмыс істеу ережесін, өлшеудің принциптерін және қателіктерін;


- тұнба түзілу жағдайын, гетерогенді тепе-теңдікті;
- гравиметриялық әдістің түрлері және мәні;
- тұнбаға түсіруші реагентті таңдау. Тұндырылған формаға қойылатын талаптар;
- аморфты және кристалдық тұнбалардың түзілу жағдайы.
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

  1. Зерттеуге қажет Мор тұзының нақты мөлшерін есептеу. Гравиметриялық формасының массасы 0,1-0,3г жуық болуы тиіс, себебі тұнба аморфты. Сынаманы алдын-ала техникалық таразыда өлшеп алу қажет. Содан соң бос бюксты өлшеп, оның массасын аналитикалық таразыда дәл өлшеп, сынаманы салып тағы өлшеу қажет.

  2. mб – бюкстің массасы, г

m – бюкс пен сынаманың жалпы массасы,г
сонда mА –сынаманың массасы: mА= m - mб

  1. Жуғыш арқылы дистильденген сумен сынаманы стаканға аударады, стакандағы ерітіндінің көлемі 30-40 мл аспауы тиіс.

  2. Ерітіндідегі темірді(II) темірге(III) дейін азот қышқылымен, жоғары температурада тотықтыру қажет. Ерітіндіні суытып, көлемін дистильденген сумен 100-150 мл дейін келтіріп, стаканның бетін жауып, келесі сабаққа дейін қалдыру қажет.

  3. Бос тигельдің массасын тұрақты шамаға дейін келтіру керек (Неге?). Алдын ала бос тигельді техникалық таразыда өлшеп, 15-20 минут муфель пешінде (t=800-9000С) қақтап, кезекші эксикаторда суытып, содан соң топ эксикаторына қояды. Суығаннан соң аналитикалық таразыда өлшеу қажет. Бұл операцияны бірнеше рет қайталайды, соңғы екі өлшем айырымы 0,0002г тең болғанша. Барлық өлшемдер зертханалық дәптерге жазылып отырады.

Бұл әдіспен темірді темір(III) оксиді күйінде анықтайды: Fe2O3. Мор тұзында темір(II)күйінде болады, сондықтан оны пероксидпен немесе азот қышқылымен тотықтырады да, аммиак ерітіндісімен тұнбаға түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет