Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет194/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
6(NH4)2Fe(SO4)26H2O + 8HNO3 = 3Fe2(SO4)3 + 3(NH4)2SO4 + 2NO +6NH4NO3 + 10H2O
Темір (II) толық тотықпаған болса, аммиак ерітіндісімен әсер еткенде қара түсті тұнба түзіледі, оның құрамы Fe(ОН)2  Fe(ОН)3 болады, бұл өте тұрақты қосылыс, қыздырғанда толық ыдырамайды. Қара түсті тұнба түзілген жағдайда оны азот қышқылында жоғары температурада қайтадан ерітеді де, темір(III) қайта тұнбаға түсіріледі, ол үшін концентрлі NH4OH ерітіндісін тамшылатып қосады, ерітіндіні үнемі араластырып отырады. Бұл жағдайда мына реакция жүреді:
Fe2(SO4)3 + 6NH4OH = 2Fe(ОН)3 + 3(NH4)2SO4
Түзілген тұнбаны қыздырып, оксидке айналдырады:
2Fe(ОН)3 = Fe2О3 + 3H2O
6. Мор тұзы сынамасын аналитикалық таразыда бюксте өлшейді. Дистильденген сумен сынаманы стаканға аударады да 30-40 мл суда ерітеді. 30-40 тамшы азот қышқылын (концентрлі) қосып, ерітінді сарғайғанша қыздырады (темір(II) толық тотыққанша). Содан соң ерітінді көлемін 150 мл дейін сұйылтады.
Ерітіндіні қайнағанша қыздырады (бірақ қайнатпайды), осы ерітіндіге тамшылатып, үнемі араластырып, ерітіндіден аммиак иісі шыққанша, концентрлі NH4OH ерітіндісін қосады. Түзілген қызыл-қоныр тұнбаны стаканда аз уақытқа қалдырады.
Алдын ала күлсіз фильтрді воронкаға орналастырыады (фильтр қызыл немесе қара жолақты болуы керек), (Неге?). Дистильденген сумен фильтрді сулау қажет. Тұнба бетіндегі ерітіндіні (тұнбасыз) ақырындап сүзгіш қағазға құйып, тұнбаны декантациялайды, бұл процесті бірнеше рет қайталайды, бірнеше рет ыстық сумен жуады. Тұнбаны SO42- иондарынан жуады. Ерітіндідегі SO42- - иондарын BaCl2 ерітіндісімен тексереді. Ол үшін воронадан аққан ерітіндіден 2-3 тамшыны пробиркаға алып, барий хлоридін тамызады. Сүзгіш қағаздағы тұнбаны кептіргіш пеште кептіріп, даярланған фарфор тигеліне салып қақтайды, содан соң муфель пешінде 800-9000С температурада 50-60 минут қыздырады. Эксикаторда суытқаннан соң аналитикалық таразыда өлшейді. Муфель пешінде тағы 10-15 минуттан қыздырады, массасы тұрақты болғанша. Жалпы массадан тигельдің массасын алып тастап, гравиметриялық форманың массасын анықтайды:

2(NH4)2Fe(SO4)2  6H2O ---------------------- Fe2О3


2∙392,1 ---------------------------------------- 160
х ------------------------------------------ 0,2
х = 2392,10,2/160 = 1,0000 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет