Q= (V2 - V1) 0,97 100 0.0012/V;
V1 – кальцийді мурексид индикаторы арқылы титрлегендегі кеткен комплексон III көлемі, см3, V2 – кальций мен магнийді эриохром қара Т – индикаторы арқылы титрлегенде кеткен комплексон III көлемі, см3. 0,0012 – комплексон III 0,05моль/л концентрациялы ерітіндісінің 1см3 сәйкес келетін Mg2+ мөлшері, г.
V – анализге арналған сүт көлемі, мл
Табылған кальций мен магний мөлшерін МЕСТ-те (ГОСТ-та) көрсетілген олардың мөлшерімен салыстырыңдар. Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.
СУДЫҢ ЖАЛПЫ КЕРМЕКТІГІН АНЫҚТАУ. МЕСТ 4151-72
Пипеткамен 25,00см3 краннан су ағызып титрлеуге арналған колбаға құйыңдар.
25,0см3 дистильденген суды цилиндрмен өлшеп құйыңдар да оған 5см3 буфер ерітінді құйыңдар.
0,03 – 0,04г эриохром қара Т-индикаторын (немесе қышқылды хром қою-көк -индикаторын) косыңдар. Ерітінді түсі қызылға боялады.
Ерітіндіні шайқап отырып, комплексон III титрлеу керек. Ерітінді түсі көкке айналғанда титрлеуді тоқтатыңдар. Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.
Судың жалпы кермектігін (Кж) мына формула арқылы табыңдар (мэкв/дм3 )
Достарыңызбен бөлісу: |