Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар:
1.Термохимияның негізгі заңы;
2.Гиббс энергиясы және химиялық реакциялар бағыты;
3.Гомогенді және гетерогенді жүйелер;
4.Термодинамиканың 1-ші және 2-ші бастамаларын түсіндіру;
5.H және S таңбалары белгілі болса, температураны көтергенде G мәні қалай өзгереді?
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар
1.Реакциялардың жылу эффектілері деген не? Қай жағдайларда химиялық реакциялар теңдеулері термохимиялық деп аталады? Реакция жылу эффектілерінің мәндері термохимиялық және термодинамикалық өрнектелгенде қалай белгіленеді? Өлшем бірліктері.
2.Жүйенің ішкі энергиясы деген не? Энтальпия және оның өзгерісі қандай теңдеулермен анықталады? Қандай жағдайда жүйенің энтальпиясы оң және теріс мән көрсетеді? Энтальпия өзгерісі температураға тәуелді ме?
3.Термохимияның негізгі заңының анықтамасын беру керек. Гесс заңынан шығатын салдарлардың термохимиялық есептеулерде қолданылуы.
4.Аммиак синтезі кезінде тура және кері реакциялар үшін жүйе энтропиясы қалай өзгереді?
5.Заттар айрылғанда , синтез реакцияларында жүйе энтропиясы температураға байланысты қалай өзгереді? Буланғанда, конденсацияланғанда, қысым жоғарылағанда, фазалық өзгерістерде жүйе энтропиясы қалай өзгереді?
6.Гиббс энергиясы деп нені айтады? Процестердің өздігінен термодинамикалық жүру – жүрмеу жағдайын Гиббс энергиясы қалай көрсетеді? Өте төмен температурада (өте жоғары температурада) химиялық реакциялардың бағытын энтальпиялық не энтропиялық фактор анықтай ма?
7.Стандартты энтальпия өзгерісінің мәні жүйеде катализатор қатысына байланысты ма? Жауапты дәлелдеу керек. Заттардың суда еруі экзотермиялық және эндотермиялық эффектпен болса да өздігінен жүре алады, неге?
8.Аммоний хлориді термиялық айрылғанда жылу бөліне ме, сіңіріле ме? Есептеп көрсету керек.
9.20С температурада 100 г су буланғанда (су буы идеал газдар заңына бағынады деп есептесе) ішкі энергия өзгерісі нешеге тең болады? Судың буға айналуының меншікті жылуы q = 2445 Дж/г. (Q = qm , pV = m/M RT). Жауабы 230,97кДж.
10.Стандартты жағдайда мына процесс Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2 O(с) жүруі мүмкін бе?
11.Графитті жаққанда 8,86 г көміртегі (ІV) оксиді түзілген. Элементтерден түзілген оксидтің түзілу жылуын есептеу керек. Реакцияның жылу эффектісі 79,2 кДж.
Жауабы: 1096 кДж/моль.
12.12,7 г мыс (ІІ) оксидін көмірмен тотықсыздандырғанда (СО түзіледі) 8,24 кДж жұтылады. Мыс оксидінің (298К) түзілу жылуын анықтау керек.
Жауабы: 162,1 кДж/моль.
13.Этилен толық жанғанда (сұйық су түзіледі) 6226 кДж бөлінеді. Қ.ж. реакцияға түскен оттегінің көлемін есептеу керек. Жауабы 296,5 л.
14.2,1 г темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77 кДж бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын анықтау керек. Жауабы: 100,3 кДж/моль.
15.Мына теңдеу бойынша 2РН3 + 4О2 = Р2 О5 + 3Н2 О(с) фосфин газының түзілу жылуын анықтау керек. Реакция кезінде 2360 кДж бөлінеді. Жауабы 5,3кДж/моль.
16.Этилен жанғанда СО2 және сұйық су бөлінсе, реакция нәтижесінде бөлінген жылу эффектісін есептеу керек. Жауабы 1410,9 кДж/моль.
17.Егер аммиактің тотығуы мына термохимиялық теңдеу бойынша жүрсе 4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6H2O (с) Н = 1530 кДж (298К) , аммиактің стандартты түзілу жылуын табу керек. Жауабы 46,2 кДж/моль.
18.1 моль хром (Ш) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда 534 кДж бөлінеді. Егер 7,6г хром (Ш) оксиді тотықсызданса, қанша жылу бөлінеді? Жауабы 26,7 кДж.
19.Кальций карбонатының айрылу реакциясының 25, 500, 1500С температуралардағы Гиббс энергиясын есептеу керек. G = f (T) графигін сызып, қай температурадан бастап процесс өздігінен жүретінің анықтау керек. Жауабы 129,1; 50,7 ; 114,0 кДж; 1080К.
20.Глюкозаның ағзадағы өзгеру реакциялары былай жүрсе:
а.С6Н12О6 = 2С2Н5ОН (с) + 2СО2 б. С6Н12О6 + О2 = 6СО2 + 6Н2О(с) қай процесс ағзаға энергияны көбірек береді?
Жауабы а. – 69,2 кДж; б. – 2803кДж.
21.Бірдей жағдайда сутегі мен ацетиленнің бірдей көлемін жаққанда , қай процесте және неше есе көп энергия бөлінеді? Жауабы 6,2 есе.
22.Ізбестің сөндіру процесінде 67,0 кДж энергия бөлінеді, егер 1 тонна 20% қоспасы бар ізбесті сөндірсе (қоспаның жылу эффектісіне әсері жоқ), қанша жылу бөлінеді? Жауабы 9,6105 кДж.
23.298 К температурада мына оксидтердің қайсысы алюминиймен (сутегімен) тотықсызданады: СаО, ҒеО, ZnO, PbO , SnO, CuO, NiO?
24.263 К температурада мұздың еру процесі үшін Гиббс энергиясының белгісі қандай болады (нольден үлкен, кіші, тең)?
25.Кальций оксиді мен фосфор(V) оксиді әрекеттескенде 739 кДж жылу бөлінеді, сонда кальций ортофосфатының түзілу жылуы қанша болады? Жауабы - 4137,5 кДж/моль.
26.Мына теңдеу бойынша жүретін реакция үшін стандартты түзілу жылуы және абсолютті стандартты энтропия мәндеріне сүйеніп ,Гиббс энергиясын есептеу керек, реакция өздігінен жүре ме? СО + Н2О(с) = СО2 + Н2 . Жауабы – 19,91 кДж.
27.4НСІ (г) + О2 2Н2О(г) +2СІ2 , қай температурада жүйеде тепе- теңдік орнайды? Процесс кезінде – 114,42 кДж энергия бөлінеді. Қай температураларда бұл жүйеде хлор әлде оттегі күштірек тотықтырғыш болады? Жауабы 891 К.
28.Аммоний хлоридінің кристаллы газ тәріздес аммиак пен хлорлы сутек әрекеттескенде түзіледі, процестің жылу эффектісін есептеу керек. Егер реакцияға қ.ж. 10л аммиак түссе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы 78,97кДж.
29.Жай заттардан газ тәріздес күкіртті сутек түзілгенде 20,15кДж жылу бөлінеді. Сол заттардың стандартты этропиясына сүйеніп осы реакцияның S298 , G298 есептеу керек. Стандартты жағдайда күкіртті сутек жай заттардан түзіле ме?
Жауабы 43,15Дж/моль К; - 33,01кДж.
30.Темір (Ш) оксидінің сутегімен тотықсызданғанында 96,61кДж жылу сіңіріледі. Егер энтропия өзгерісі 0,1387 кДж/моль К болса , стандартты жағдайда бұл реакция жүре ме? Қай температурадан бастап тотықсыздану реакциясы жүреді? Жауабы 696К.
Достарыңызбен бөлісу: |