Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


АНИОНИТТЕ МЫРЫШ ПЕН НИКЕЛЬ КАТИОНДАРЫН БӨЛУ



бет232/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

АНИОНИТТЕ МЫРЫШ ПЕН НИКЕЛЬ КАТИОНДАРЫН БӨЛУ


Жұмыс мақсаты: Ион алмасу хроматографиясымен мырыш және никель катиондарын бөлу.
Жұмыс барысы: Құрамында 10ммоль мырыш және никель тұздары бар 20мл ерітіндіні 50мл өлшегіш колбаға енгізеді. 4н HCl ерітіндісін сызыққа дейін қосады, араластырады. Түзілген ерітінді құрамында мырыш хлоридінің комплексті аниондары және никель катиондары бар. Зерттелетін 10мл ерітіндіні пипеткамен алып, 10г Cl--формадағы АВ-17 аниониті бар колонкадан 1мл/мин жылдамдықпен өткізеді, бірақ алдында анионитті 10мл 2н HCl ерітіндісімен шайып алады. Аниониттен никель катиондарын шығару үшін 200мл 2н HCl ерітіндісін колонка арқылы өткізеді. Колонкадан шыққан фильтрат және шайынды суларды 250мл өлшегіш колбаға құяды. Никель катиондарының толық шығуын диметилглиоксиммен реакциясы арқылы тексереді. Ол үшін фильтраттан бірнеше тамшы алып, затты шыныға тамызады, 2-3 тамшы аммиак және бір тамшы диметилглиоксим ерітіндісін қосады. Никель иондары болса, никель диметилглиоксиматының қызғылт түсті тұнбасы түзіледі. Никель иондарының мөлшерін комплексонометриялық әдіспен анықтайды. Ол үшін өлшегіш колбадағы ерітіндіні белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізеді, түзілген ерітіндіден 25мл алып, оған 0,1-0,2г мурексид индикаторын (0,1г индикаторды 20г NaCl қосып, үгіту арқылы дайындалады) қосып және 0,05н комплексон(III) ерітіндісімен сары ерітіндіні күлгін түске дейін өзгергенше титрлейді.
Никель мөлшерін мына формуламен анықтайды(мг):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет