Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ІІ. Ерітіндідегі сульфат ионын анықтау



бет231/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

ІІ. Ерітіндідегі сульфат ионын анықтау
Өлшегіш колбадағы анализденетін ерітінді дистильденген сумен белгісіне дейін толтырылады. Алынған ерітіндіден үш колбаға 10мл-дан аликвот алып, жоғарыда көрсетілгендей суспенция дайындайды, сосын оптикалық тығыздығын өлшейді. Оптикалық тығыздығының орташа мәні бойынша пайдаланып зерттелетін ерітіндідегі сульфат ионының концентрациясын табады.
ІІІ. Тәжірибе нәтижелерін өңдеу
Стандартты ерітіндінің аликвотты мөлшеріндегі сульфат ионының мөлшерін есептеп, кестеге енгізеді.



Стандартты ерітіндінің көлемі, мл

2,0

4,0

8,0

10

12

Х

1

2

3

Сульфат ионның мөлшері, мкг

























Оптикалық тығыздығы

























Нақты нәтижелерді есептеу үшін анализденетін ерітіндінің аликвотын алу кезіндегі сұйылтуды ескеру керек.


M = Mсульфат∙Vк/Vcульфат

Mсульфат – графиктен табылған сульфат ионының мөлшері,г


Vсульфат - анализденетін ерітінді аликвотының көлемі, мл
Vк - анализденетін ерітіндісі бар колба көлемі,мл


КУ-2 КАТИОНИТІНІҢ АЛМАСУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ


Жұмыс мақсаты: Н+ формадағы КУ-2 катионитінің алмасу сиымдылығын динамикалық әдіспен кальций хлориді бойынша анықтау.
Жұмыс барысы: Алдын ала CaCl2 концентрациясын анықтайды, ол үшін 5мл CaCl2 ерітіндісін алып, конго қағазын салып, тұз қышқылымен (1:1) қышқылдайды. Конго түсінің күлгін көк түске дейін өзгергенінше 2мл 20% аммиак ерітіндісін өлшегіш пробиркамен қосады, 30мг мурексид қосып, трилон Б ерітіндісімен түсі өзгергенше титрлейді. Алынған нәтижелер бойынша кальций хлориді концентрациясын мына теңдеу бойынша анықтайды:
C(CaCl2) = C(TpБ) V(TpБ)/V(CaCl2), моль/дм3
Мұндағы, C(CaCl2)-зерттелетін ерітіндінің концентрациясы, моль/л
C(TpБ)-трилон Б концентрациясы, моль/л - 0,05
V(CaCl2)-зерттелетін ерітіндінің көлемі, мл
V(TpБ)-трилон Б көлемі, мл.
Ион алмасуды жүргізу: КУ-2 катионитімен толтырылған колонканы сілку арқылы ондағы ауа көпіршіктерін жояды. Катионит арқылы кальций хлориді ерітіндісін (концентрациясы анықталған) минутына 2мл жылдамдықпен өткізеді. Тәжірибе жүргізу кезінде колонкадағы ерітінді деңгейін тұрақты ұстау қажет. Фильтратты жеке порциямен 10мл-лік пробиркаларға жинайды. Әр порциядан комплексонометриялық әдіспен кальций иондарының сандық мөлшерін анықтайды. Ол үшін пробиркаға 5мл фильтратты алады және трилон Б ерітіндісімен титрлейді. Титрлеу нәтижелерін кестеге толтырады.



Пробирка №

КУ-2 арқылы өткен CaCl2 ерітінді көлемі, мл

5мл фильтратты титрлеуге кеткен трилон Б көлемі, мл

Ионитпен сіңірілген Са2+концентрациясы, мэкв/г













Зерттелетін ерітіндіні КУ-2 иониті арқылы өткізуді фильтраттағы кальций иондарының мөлшері, бастапқы ерітіндідегі мөлшерге тең болғанша жүргізеді. Фильтратта сутек ионының концентрациясын анықтау үшін әр пробиркадан 5мл фильтрат алып, 3 тамшы фенолфталеин қосып, 0,01М NaOH ерітіндісімен титрлейді. Титрлеу нәтижелерін кестеге енгізеді. Жұмысшы (Ep) және толық алмасу сиымдылығын (Eп) есептеу
Жұмысшы алмасу сиымдылығы (Ep) фильтрат құрамына ерітіндіден кальций иондары өткенше анықталады. Жұмысшы және толық алмасу сиымдылығының шамасын келесі формуламен анықтайды:


Ep=V∙ СN1∙100/(100-W)q, мэкв/г
Eп=(V+Vп)∙СN1∙100/(100-W), мэкв/г

Мұндағы, СN1-сілті ерітіндісінің нормальдігі


V-NaOH ерітіндісінің мөлшері, фильтраттан алынған порцияларға
кеткен көлем, мл.
Vп-NaOH ерітіндісінің мөлшері, алынған фильтрат порцияларын CaCl2 өткеннен соң титрлеуге кеткен мөлшері, мл.
q - иониттің құрғақ үлгісі, г
W- ионит ылғалдығы(18%)
Алынған мәліметтер бойынша график құрады, ол үшін абцисса осіне кальций хлоридінің өткізілген көлемі, ордината осінде – сіңірілген кальций ионының мөлшері, мэкв/г.
Ионитті регенерациялау. Шайырды кальций иондарынан 5% тұз қышқылымен шаяды, кальцийдің алғашқы концентрациясы мен шайырдан шыққан кальций иондарының концентрациялары теңескенше шайып, артынан сумен бейтарап ортаға дейін жуады, ол үшін 5мл-ден шайырдан аққан НСІ-ды жинап титрлеп отырады. Индикатор - метилоранж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет