Жұмысты орындау:
Құрамында 150-1500мкг Со және Ni бар ерітіндінің аликвотты бөлігін көлемі 50мл болатын центрифугалық пробиркаға құйып, 5мл буферлік ерітінді (рН=9,5) қосады. Сосын 4%-тік 8-оксихинолиннің спиртті ерітіндісін артық мөлшерде, яғни компоненттер толық тұнбаға түскенше қосады. Тұнбаны су моншасында 600С температурада 30 минут уақыт ұстап, сосын центрифугалайды. Реактивтің артық мөлшерін тұнбаны буферлік ерітіндімен шаю арқылы жояды.
Сосын тұнбаны дистильденген сумен шайып, 1100С температурада кептіріп, 1н HCl-ацетон қоспасының біраз көлемінде ерітеді. Ерітіндіні 25мл өлшегіш колбаға құяды, ал пробирканы еріткіштің көп мөлшерімен шайып, сол колбаға құяды. Ерітінді көлемін еріткішпен 25мл-ге дейін жеткізеді. Сосын қалыңдығы 1см кюветаға құйып, толқын ұзындығы 365 және 700 нм болатын аймақта еріткішке қатысты мына спектрофотометрлердің бірінде: СФ-4, СФ-4А, СФД-2 оптикалық тығыздығын өлшейді.
700нм-де жарықты тек Со 8-оксихинолинді комплексі сіңіретіндіктен, Со және Ni мөлшерін есептеу жарықты сіңірудің молярлық коэффициенттерінің мәні бойынша жүргізіледі.
Мысалы: Со(1) Ni(// )
Достарыңызбен бөлісу: |