Жұмысты орындау: Жарық фильтрлерін таңдау. Түсі неғұрлым қанық ерітіндіні алып, оның оптикалық тығыздығын барлық жарық фильтрлерінде өлшейді, өлшеу нәтижелері кестеге жазылады. Кейінгі жұмыстар үшін зерттелетін ерітіндінің жарықты сіңіруі ең жоғары болған жарық фильтрі алынады.
Градуирлік график тұрғызу. Таңдалған жарық фильтрінде салыстыруға алынған ерітіндіге қатысты барлық ерітінділерді фотометриялайды. Әр өлшемдер үш рет жүргізіліп, орташа мәні бойынша оптикалық тығыздық - Fe (III) ионының мөлшері координатасында градуирлік график тұрғызылады.