Ерітіндідегі Fe (III) ионының мөлшерін анықтау. Құрамында Fe (III) тұзы бар анализденетін ерітіндіге 0,01М 30мл сульфосалицил қышқылының ерітіндісін, 5мл ацетатты буферлі ерітінді қосып, көлемін дистильденген сумен 50мл-ге дейін жеткізіледі. Дайындалған ерітінді 10 минуттан кейін таңдалған жарық фильтрінде салыстырмалы ерітіндіге қатысты фотометрияланады Өлшеуді 3 рет жүргізіп, сіңірудің орташа мәні бойынша градуирлік графиктен анализденетін ерітіндідегі Fe(III) ионының мөлшерін анықтайды.
КОБАЛЬТ ПЕН НИКЕЛЬДІ БІР ЕРІТІНДІДЕН 8-ОКСИХИНОЛИН КӨМЕГІМЕН ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ
Кобальт пен никельді бір ерітіндіден 8-оксихинолин көмегімен анықтау жарықты тек кобальт 8-оксихинолинаты сіңіретін спектр аймағын қолдануға негізделген.
Кобальттың 8-оксихинолинатты комплексі 1н HCl-ацетон қопасының қатысында сәулені толқын ұзындығы 365-700нм аймағында максимальды сіңіреді, ал никельдің 8-оксихинолинатты комплексі тек 365нм аймағында шың түзеді.
Осыған байланысты Со пен Ni –ді 8-оксихинолин көмегімен бірге анықтауға болады.
Кобальт пен никельді анықтағанда оларға ұқсас комплексті қосылыстар түзетін көптеген элементтер, мысалы: Fe(III), Cr(III) және т.б. кедергі келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |