СУЛЬФАТ-ИОНДЫ НЕФЕЛОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ
Әдіс ЕК = 1,110-10 болатын қиын еритін барий сульфаты қосылысының түзілуі реакциясына негізделген.
Bа 2+ + SO42- → BaSO4↓
Тұнба түзілудің бастапқы сатысында нефелометриялық анализ шарттарын қанағаттандыратын біршама тұрақты масса түзіледі. Тұндыруды тұз қышқылының ортасында жүргізеді, ол үшін электролит қолданылады.
Сульфат ионының концентрациясын анықтау үшін градуирлік график әдісі қолданылады. Сондықтан алдын – ала стандартты ерітінділер сериясын дайындайды. Салыстырмалы ерітінді ретінде сульфат ионынан басқа барлық компоненттердің қоспалары алынады. Максимальды майлылыққа жеткеннен кейін салыстырмалы ерітіндіге қатысты көк жарық фильтрінде оптикалық тығыздықты өлшейді.
Сосын дәл осылай анализденетін ерітінді суспензициясын алып, оптикалық тығыздықты өлшейді де график бойынша анықталатын ион мөлшерін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |