5-тәжірибе. Олеин қышқылының сілтімен әрекеттесуі. Сабын алу Жұмыс барысы: Пробиркаға 2мл 10%-тік сілті ерітіндісін құйып, үстіне 2-3 тамшы олеин қышқылын қосады. Қоспаны интенсивті араластырады. Сол кезде сабын көпіршігінің түзілгені байқалады. Бұл - олеин қышқылының натрий тұзы (сабын):
С17Н33СООН + NaOH C17H33OONa + H2O
Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар: 1. Келесі реакция теңдеулерін жазыңыздар:
а) сірке қышқылын алу
ә) олеин қышқылына бромның қосылуы
2. Қанықпаған карбон қышқылдарындағы карбоксил тобы және көмірсутек радикалы бойынша қандай реакциялар жүреді?
3. Натрий формиатының түзілу реакциясын жазыңыздар.
4. Карбон қышқылдарына тән реакцияларға мысалдар келтіру керек ( бутан қышқылын алып).