1- тәжірибе. Глициннің амфотерлі қасиеті. 0,5мл глицин ерітіндісіне 1 тамшы метил қызыл тамызады. Пробиркаға тағы 2 тамшы формальдегид ерітіндісін тамызады.
2-тәжірибе. Амин қышқылдарының темір(Ш) хлоридімен реакциясы. 1мл глицин ерітінідісіне 2 тамшы темір(Ш) хлоридін тамызады. Бұл реакция нені дәлелдейді? Реакция теңдеуін жазу керек.
3-тәжірибе. Мыс тұздарымен реакция. Пробиркаға 1мл глицин ерітіндісін құйып, оған мыс купоросы мен натрий ацетатының кристалдарын салу керек. Көрген құбылысты түсіндіру керек. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазу керек. Натрий ацетаты не үшін қолданылады?