Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Изомерия, номенклатура, мысалдар.
2. Алу, химиялық қасиеттері.
3. Бензол, қасиеттері.
4. Мына қосылыстардың структуралық формуласын жазу керек: м-нитротолуол; м-динитробензол; о-бромфенол; 2,6-дибром-4-хлортолуол; о-хлоранилин.
5. 7,2г бензоат натрий 600мл 0,5М натрий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттескенде неше грамм бензол түзіледі? Жауабы: 3,9г.
№ 12 Зертханалық сабақтың тақырыбы
Бензол және оның гомологтарының қасиеттерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Бензол және толуолды мысал ретінде алып, ароматты көмірсутектердің химиялық қасиеттерімен танысу
Реактивтер мен жабдықтар: Бензол, толуол, бром суы, калий перманганатының ерітіндісі, 10% күкірт қышқылы, пробиркалар
1-тәжірибе. Бензол гомологтарын бромдау
Жұмыс барысы: Пробиркаға 5 тамшы толуол құйып, үстіне 5 тамшы бром суын қосыңыздар. Реакция бірден жүрмейді, пробирканы шайқап, аздап қыздырыңыздар. Бром суы түссізденеді. Осы тәжірибені бензолмен де жүргізіңіздер, реакция жүре ме?
Достарыңызбен бөлісу: |