2-тәжірибе: Ароматты көмірсутек молекуласындағы бүйір тізбектің тотығуы. Жұмыс барысы:Екі пробирка алып, екеуіне де 5 - тамшыдан калий перманганатының ерітіндісін және 5-тамшы күкірт қышқылының ерітіндісін құйыныздар. Бірінші пробиркаға бір тамшы бензол, екінші пробиркаға бір тамшы толуол тамызыңыздар. Екі пробирканы ақырындап қайнағанша қыздырыңыздар. Не байқадыңыздар?
Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар: 1. Қалыпты жағдайда бүйір тізбектегі сутегінің орнын бром басатын орынбасу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.
2. Неліктен бензол гомологтары орынбасу реакциясына жеңіл түседі?
3. Екі пробиркада түстерінде өзгеріс бар ма? Неліктен? (2-тәжірибедегі)
4. Неліктен толуол тотығады, ал бензол тотықпайды?
5.Толуолдың бүйір тізбегінің тотығу реакциясы теңдеуін жазыңыздар. Реакция өнімі бензой қышқылы болатынын ескеріңіздер. С6Н5–СООН бензой қышқылы.
6. Бензол және оның гомологтарының тотықтырғыштарға қатынасы туралы түйін жасаңыздар.