Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Мысал 6. 10% -ті сілті ерітіндісін дайындау үшін 200 мл 30% - ті (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне ( = 1,33 г/мл ) қанша су құю керек? Шешуі



бет38/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Мысал 6. 10% -ті сілті ерітіндісін дайындау үшін 200 мл 30% - ті (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне ( = 1,33 г/мл ) қанша су құю керек? Шешуі: 200 мл NaOH ерітіндісінің массасы 200 мл  1,33 г/мл = 266 г, сонда бұл ерітіндіде 266 0,3 = 79,8г 30% - ті NaOH болады. Есеп шарты бойынша бұл масса (79,8г) сұйытылған ерітіндінің жалпы массасының 10% - ін құрайды. Сонда алынған ерітінді массасы (79,8/10) 100 = 798 г болады. Олай болса, алғашқы ерітіндіге 798 – 266 = 532 г су қосу керек.
Мысал 7. 500 мл 3М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 2М және 6М ерітінділерінің қандай көлемдерін араластыру керек. Араластырған кезде көлемдер өзгерісін есептемеу керек. Шешуі: 500 мл 3М тұз қышқылында 0,53 = 1,5 моль НСІ болады, 6М ерітінді көлемін х деп белгілесе, 2М ерітінді көлемі ( 0,5 – х )л, сонда х л 6М ерітіндіде 6х моль НСІ болады, ал (0,5 – х) л 2М ерітіндіде – 2(0,5 - х) моль НСІ болады.Ерітіндідегі НСІ – дың жалпы мөлшері 1,5 моль болатындықтан, былай жазамыз: 6х + 2( 0,5 - х) = 1,5; х = 0,125 л . Олай болса, қажет ерітіндіні дайындау үшін 125 мл 6М және 375 мл 2М НСІ ерітінділерін алып, араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет