Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар:
1.Ерітіндінің иондық күші деген не, ол актив коэффициентімен қалай байланысқан?
2.Дебай мен Хюккель ұсынған күшті электролиттердің теориясы;
3.Активтілік деген ұғымды түсіндіру керек;
4.Электролиттерді күшті және әлсіз деп қандай қасиеттері бойынша бөледі?
5.Қандай электролиттер сатылы диссоцияцияға түседі?
СУДЫҢ ДИССОЦИАЦИЯЛАНУЫ. СУДЫҢ ИОНДЫҚ КӨБЕЙТІНДІСІ. СУТЕКТІК, ГИДРОКСИДТІК КӨРСЕТКІШТЕР: рН, рОН. ЕРІГІШТІК КӨБЕЙТІНДІСІ
Су әлсіз электролит , электр тоғын нашар өткізеді, тек аздап қана диссоциацияға түседі: 2Н2О H3О+ + OH не Н2О H+ + OH деп жазады. Судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы сутек және гидроксид иондарының концентрациясы 107 моль/л екендігі анықталған. Тепе-теңдікке келген жүйе үшін әрекеттесуші массалар заңын пайдаланып, диссоциация константасын жазуға болады: К = H+ OH / H2O = 1,81016 екендігі 22С температурада анықталған. Судың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан, H+ OH = H2O 1,81016 деп жазуға болады, себебі су концентрациясы өзгермейді деп қараса, осыдан H+ OH = Ксу – су иондарының көбейтіндісі. Температура өзгермесе бұл шама Ксу = H+ OH = 107 107 , яғни 1014 болады не 1 литр суда 1000:18 = 55,56 моль болғандықтан: H+ OH = H2OК = 55,56 1,81016 = 1014 .
Су - бейтарап зат. Сондықтан сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей болып, әр қайсысы 107 г-ион/л тең ерітінділер нейтрал(бейтарап) ерітінді болады. Қышқыл ерітінділерде сутек иондары көбірек, сілтілік ерітінділерде гидроксид иондары көбірек; бірақ ерітіндіде қышқыл не сілті болсын бәрібір H+ және OH иондары концентрацияларының көбейтіндісі әрдайым тұрақты болады.
Егер, мысалы, таза суға қышқыл қосып сутек иондарының концентрациясынын 103 дейін көтерсе, гидроксид иондарының концентрациясы кемиді, өйткені H+OH көбейтіндісі 1014 өзгермейді. Демек, бұл ерітіндіде гидроксид иондарының концентрациясы OH = 1014/ 103 = 1011 моль/л болады.
Керісінше, ерітіндіге сілті қосып гидроксид иондарының концентрациясын 105 дейін көтерсе, онда сутек иондарының концентрациясы H+ = 1014/ 105 = 109 моль/л болады.
Достарыңызбен бөлісу: |