Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар



бет73/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1.Ковалентті және ионды байланыстарға анықтама беріп, олардың қасиеттерін сипаттау керек. Валенттілік байланыс (ВБ) әдісі оларды қалай түсіндіреді? Мына молекулалар үшін электронды нүктелік формулаларының кестесін көрсетіңдер: СО2 , РН3 , НОСІ , Н2 SO4 .


2.Қандай атомдар мен иондар электрондар жұбының доноры , акцепторы болады:
BF4 , NH4+ , Н3 О+ ?
3.ЭТ мәндері бойынша К- СІ , Са – СІ , Ғе – СІ байланыстар үшін мәнін есептеп, қай байланыстың иондылығы жоғары екенін анықтау қажет.
4.Мына қатарда НҒ – НСІ – НВr – HI байланыс беріктігі қалай өзгереді , неге?
5.Валенттілік байланыс (ВБ) және молекулалық орбитальдар (МО) әдістері бойынша молекулалардың Ғ2 – О2 – N2 диссоциация энергиясының (кДж/моль) сәйкесінше 155 – 493 – 945 өзгеретінін және N2 мен СО молекулаларының диссоциация энергияларының (945 және 1071 кДж/моль) жақындығын түсіндіру керек. МО әдісі бойынша молекулалар В2 , Ғ2 , ВҒ түзілу мүмкіндігін және қай молекула берік екендігін көрсету керек.
6.Мына молекулалардың N2 , O2 , NO, CO, CN қайсысы парамагнитті?
7.HCN молекуласының диполь моменті 2,9 D. Диполь ұзындығы қанша?
Жауабы 6,0310- 11м.
8.Фторсутек молекуласының диполь ұзындығы 41011 м болса, оның диполь моментін дебаймен , кулон-метрмен есептеу керек. Жауабы 6,411030 Клм = 1,92D.
9.Полярсыз ВеСІ2 молекуласының кеңістіктік құрылысын көрсетіп
Ве – СІ байланысы түзілуіне берилийдің қандай АО- ы қатысады ?
10.Мына молекулалар СН4 , СО2 , SiF4 , SO2 , H2SiF6 түзілгенде көміртегінің, кремнийдің, күкірттің АО-дарының гибридтелу типін көрсету керек.
11.Байланыстың ұзындығы , энергиясы және беріктігі арасында қандай байланыс бар, мысал келтіру керек.
12.Байланыс еселігі деген не және екі өзара байланысатын атомдардан
-, 4е-, 6е- қатысатын болса, байланыс саны қанша болады, мысал келтіру керек.
13.Мына молекулалар РСІ3 , РСІ5 , H2S , SO3 , AsH3 , H3AsO4 түзілгенде фосфор, күкірт , мышьяк атомдары қай күйде (қалыпты, қозған) болады?
14.Электрондардың, атомдық орбитальдардың не атомдардың жалпы қандай күйі валентті күйі болады? Оттегі және күкірттің, фтор және хлордың атомдарының неше валенттік күйлері болады?
15.а) атомның эффективті заряды; б) электр диполі және диполь ұзындығы; в) дипольдің электр моменті деген не және олардың өлшем бірліктері.
16.Мына иондардың Ғ не Br , S2 не Те2 , СІ не І қайсысының поляризациялануы жоғары, неге?
17.Неге су мен фторсутек қышқылының балқу және қайнау температуралары жоғары?
18.Байланыс энергиялары Н – Н , Ғ – Ғ , Н – Ғ сәйкесінше 436, 153, 563 кДж/моль болса, сутегі мен фтор әрекеттескенде қанша жылу бөлінеді, егер олар 1 моль мөлшерінде алынған болса? Жауабы 537кДж/моль.
19.Егер Едис (НІ) = 298,4кДж/моль болса, 0,64 г НІ айрылуы үшін қанша энергия жұмсалуы керек? УК – сәуле ( = 2107 м) әсерінен НІ айрыла ма?
Жауабы 1,492кДж, иә.
20.Газ фазасындағы LiF молекуласында ядроаралық ұзындық 0,156 нм, ал дипольдің электр моменті 2,21029 Клм болса, Li – F байланысының иондығы қанша?
Жауабы 85,62%.
21.Байланыс ұзындығы Н – Ғ 0,092нм , полярлылық 45% болса,  (Н – Ғ) есептеу керек. Жауабы 6,621030 Клм.
22.Қандай үш түрлі молекула аралық әрекеттесуді ван-дер-ваальс күші деп атайды?
Әр қайсысы немен анықталады? Қай әрекеттесу әлсізірек?
23.Ориентациялық әрекеттесуге молекулалардың полярлылығы және температура қалай әсер етеді? Полярлы молекулалардың полярсыз молекулалармен индукционды әсерлесуі немен көрсетіледі?
24.Ориентациалық және индукциондық әсерлесуге қабілетсіз атомдар мен молекулаларға мысал келтіріңдер. Қай молекулааралық әсерлесу универсал болып табылады және ол кез келген бөлшектер арасында әсер етеді ме?
25.Молекулааралық әсерлесу энергиясының мәні қандай шамада?
26.Қандай коваленттік байланыстар σ- , π- , δ- байланыстар деп аталады? Азот молекуласы құрылысын валенттілік байланыс (ВБ) теориясы қалай түсіндіреді?
27.BF3 және СН4 молекулалар құрылысын ВБ теориясы қалай түсіндіреді?
28.Молекулалық орбитальдар (МО) теориясы F2 молекуласының байланыс энергиясы (159кДж/моль) молекулалық ион F2 + -ның байланыс энергиясынан (318кДж/моль) аздығын қалай түсіндіреді?
29.Молекулалық орбитальдар (МО) теориясы О2 молекуласының байланыс энергиясы (497,9кДж/моль) молекулалық ион О2 + -ның байланыс энергиясынан (644,3кДж/моль) аздығын қалай түсіндіреді?
30.Екі атомды молекулалық иондарда О2 + және О2 байланыс еселігі нешеге тең?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет