Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Гальваникалық элементі мен стандартты сутек электроды схемаларын көрсетіп, қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңдер.
2.Гальваникалық элементі жұмыс істеу үшін қандай реакциялар қолданылады?
3.Металл электродтарының потенциалына қандай факторлар әсер етеді?
4.Гальваникалық элементтерінің э.қ.к. қалай өлшенеді?
5.Концентрациялық гальваникалық элементі қалай жасалады?
№ 12-13 зертханалық сабақтар. Электролиз. Коррозия
Сабақтың мақсаты: Электролиз процесінің жүруін көру және оның әр түрлі жағдайының схемасын құру.
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Электролиз процесінде не себепті тұрақты тоқ көзін қолданады?
2.Электролизердың құрылысы.
3.Электролиз процесінің қолданылуы.
4.Активті металдарды электролиз арқылы қалай алады?
№1 - тәжірибе.Т ұрақты тоқ көзінің теріс полюсін анықтау
№ 6 сурет. Электролизер
Зертханада электролизер ретінде U тәріздес шыны ыдыстан тұратын екі электрод салынған құрал қолданылады. 1-тұрақты тоқ көзі; 2- U тәріздес шыны ыдыс; 3 - электродтар; 4- электролит ерітіндісі. U- тәріздес шыны ыдысқа натрий сульфатының ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Мыс электродтарын тоқ көзімен қосыңдар. 30-40 секундтан кейін теріс полюс қосылған электродтың жанындағы ерітінді қызыл түске боялады. Электрлиз схемасын жазыңдар.
№2 - тәжірибе. Калий иодиді ерітіндісінің электролизі
Электролизерге калий иодиді ерітіндісін құйыңдар, графит электродтарын батырыңдар да оларды тұрақты тоқ көзіне қосыңдар. 3 минуттай электролиз процесін жүргізіңдер, катодта газ тәріздес сутегі бөлінеді, ал анодта бос иод бөлінеді. Электролиз схемасын жазыңдар. Тәжірибе біткен соң электродтар мен электролизерді жақсылап кранның астында жуыңдар.
№3 -тәжірибе. Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің электролизі
Электролизерге мыс сульфаты ерітіндісін құйыңдар, оған графит электродтарын батырыңдар, тұрақты тоқ көзімен қосыңдар. 3-5 минут электролиз процесін жүргізіңдер. Анодта оттегінің бөлінгенін байқаңдар. Тәжірибе біткен соң катодта мыс бөлінгенін байқаңдар. Енді тоқ көзінің полюсін ауыстырыңдар. Нені байқайсыңдар? Электролиздің схемасын жазып, байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |