Анализ әдісіне қойылатын талаптар:
1. анализ тез жасалуы керек;
2. тек көрсетілген затты ғана анықтай алатын болуы керек;
3. көрсетілген заттың өте аз мөлшерін анықтай алатын болуы керек;
4. анализдің нәтижесі бір-біріне жақын болуы керек.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Аналитикалық химияда қолданылатын әдістер, қысқаша сипаттамалары.
Анализ жазау үшін жүргізілетін операциялар.
Анализ әдістеріне қойылатын талаптар.
ГОМОГЕНДІ ЖҮЙЕДЕГІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Сапалық және сандық анализде кең мөлшерде қайтымды реакциялар қолданылады: аА + вВ сС + dD
Реакция кезінде А және В заттары әрекеттесіп, олардың концентрациялары азайып, С және D заттарының концентрациясы көбейеді. Соның нәтижесінде тура реакция жылдамдығы азаяды, кері реакция жылдамдығы артады. Тура және кері реакциялар жылдамдығы теңескен кезде, жүйеде тепе-теңдік орнайды. Тура реакция жылдамдығы:
Достарыңызбен бөлісу: |