Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет136/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
Аргентометрияда –хлоридтер, бромидтер, иодидтер анықталады, титрант – AgNO3 ерітіндісі;
Роданометрия (тиоцианометрия) - тура титрлеу тәсілімен күміс тұздары немесе кері титрлеу тәсілімен галогенидтер анықталады, титрант – NH4SCN ерітіндісі;
Меркурометрия – галогенидтер анықталады, титрант – Hg2(NO3)2 ерітіндісі;
Сульфатометрия – барий-, сульфат- иондары анықталады, титрант BaCl2 немесе H2SO4 ерітінділері.
Барлық жағдайда да тирлеу нәтижесінде тұнба түзіледі.
АРГЕНТОМЕТРИЯ ЖӘНЕ РОДАНОМЕТРИЯ (ТИОЦИАНОМЕТРИЯ)
Аргентометрия – бұл тұнбаға түсіру тәсілімен титрлеу, титрант ретінде 0,1н; 0,05н, сирек 0,02н және 0,01н AgNO3 ерітіндісі қолданылады, оның титрін NaCl (стандартты ерітінді) арқылы анықтайды. Тәсілдің негізгі химиялық теңдеуі:
HaI- + AgNO3 ↔ AgHaI  + NO3, мысалы
NaCl+ AgNO3 =AgCl +NaNO3
Бұл теңдеуде NaCl эквиваленттік факторы 1 тең, соңдықтан эквиваленттің молярлы массасы М(f экв(NaCl))= М(1NaCl)= 158,5г/моль.
Титрлеудің соңғы нүктесін анықтауға байланысты аргентометрияны топтарға бөледі:
Мор тәсілі – хлоридтерді, бромидтерді (иодидтер мен роданидтер анықталмайды) анықтайды, индикатор K2Cr2O4, NaCl ерітіндісі арқылы AgNO3 ерітіндісінің титрін және нормальды концентрациясын анықтайды.
Титрлеу барысында ақ тұнба түзіледі (AgCI), эквивалент нүктеде тұнба түзілу процесі аяқталады. Индикатор ретінде K2CrO4 ерітіндісі пайдаланылады. AgCl тұнбасы түзілу процесі тоқталғанда, AgNO3 ерітіндісінің артық мөлшері қосылғанда қызыл-қоныр түсті тұнба түзіледі: K2CrO4 + 2AgNO3 =Ag2CrO4  қызыл-қоныр + 2КNO3
Титрлеуді ерітіндінің сары түсі қызғылт түске ауысқанша жүргізеді, ерітіндінің түсі AgNO3 –тің 1 тамшысынан өзгеруі тиіс.
Титрлеу колбасында – NaCl ерітіндісі және индикатор, ал бюреткада – 0,05н AgNO3 ерітіндісі болады.
Фаянс тәсілі – адсорбциялық индикаторлар (флуоресцеин, эозин т.б.) пайдаланылады, иодидтерді, хлоридтерді, бромидтерді анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет