Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ТИТРИМЕТРЛІК ӘДІСТІҢ ЖІКТЕЛУІ



бет112/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

ТИТРИМЕТРЛІК ӘДІСТІҢ ЖІКТЕЛУІ
Титриметрлік әдістерді қолданылатын химиялық реакцияларға байланысты және титрлеу әдісіне байланысты жіктейді:
Реакция түріне байланысты:

  1. Қышқыл-негіздік титрлеу;

  2. Комплексонометрлік титрлеу;

  3. Тұнбаға түсіріп титрлеу;

  4. Тотығу-тотықсыздану әдісі бойынша титрлеу (редоксиметрия).

Титрлеу әдісіне байланысты:

  1. Тура титрлеу әдісі;

  2. Кері титрлеу әдісі (не қалдық бойынша титрлеу әдісі);

  3. Орын басу арқылы титрлеу.

Титриметрлік әдісте негізгі бірлік л (дм3), оның мындық үлесі мл (см3) қолданылады.
Титриметрлік әдісте мынандай өлшегіш ыдыстар қолданылады: бюретка, өлшегіш колбалар, өлшегіш цилиндрлер, пипеткалар.
Бюреткаға титрленген (стандартты) ерітінділерді құяды да, одан біртіндеп анықталатын заты бар ерітіндіге эквивалент нүктеге дейін тамшылатады. Бюретканы жақсылап жуады, оны кептіру керек емес, бюреткаға оған құятын титрленген ерітіндіні воронка арқылы құйып, артынан воронканы алып тастау керек. Төменгі түтікте (трубкада) ауа болмауы керек. Бюреткадағы сұйықтың беті шұңғылданып тұрады, оны мениск деп атайды. Сол мениск нольге не белгілі бір цифрға дәл келуі керек. Бюретканың дәлдігі 0,02-0,03мл, сондықтан бюреткадан құйылған көлемді былай жазу керек; мысалы, 22,25 не 22,23 деп, яғни ондық белгімен, егер былай жазылса, 22,2 не 22 деп, ол қате болады.
Титрлеу кезінде стандартты ерітіндіден 20-30мл кететіндей болуы керек, сонда бұл әдістің қатесі аз болады.
Анықталатын зат бар ерітіндінің дәл көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады. Олардың көлемі 100;50;25;20;10 және 1 мл-лік болады. Пипеткаларды жақсылап жуып, егер олар құрғақ болмаса, анықталатын заты бар ерітіндімен бір-екі рет шайқау керек. Пипеткадағы ерітінді толық ағып болған соң, пипетканың ұшын ыдыстың қабырғасына тигізіп 15 секундтай ұстау керек. Пипетканың ұшында қалған ерітіндіні үрлеуге болмайды, себебі пипеткадан барлық ерітіндіні үрлеп түсіре алмайды, сондықтан ерітінді көлемі әртүрлі болып кетеді.
Жұмыс аяқталған соң, пипеткаларды жуып, штативтерге кептіруге қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет