Байланысты: 260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БОӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
ПОТЕНЦИОМЕТРИЯ
Стандартты сутектік электрод деп қандай электродтарды айтады және оның құрылысы?
Қандай электродтарды индикаторлық және салыстырмалы электродтар деп атайды? Хлоркүміс, каломельді, қаныққан электродтар туралы айту керек.
Стандартты тотығу-тотықсыздану (редокс) потенциал деп қандай мәнді айтады?
Потенциометриялық әдістің негізінде қандай принцип жатады?
Анализде потенциометрияның қандай түрлері қолданылады және олар неге негізделген?
Қышқыл-негіздік титрлеуде, редоксиметрияда, комплексонометрияда және тұндыру титриметрия әдісінде қандай индикаторлы электродтар қолданылады?
100мл 0,01н НСI ерітіндісін не 0,01н NaOH ерітіндісін титрлеген кездегі интегралды және дифференциалды қисықтарды тұрғызыңдар.
Егер АgCI қанық ерітіндісіне батырылған күміс электродының 180С температурадағы шын потенциалы стандартты сутекті электродқа қатысты алғанда 0,518В болса, онда ЕКАgCI қанша болады? Жауабы: 1,69 .10-10
Е0Аg+/Ag =+0,80В.
Стандартты сутекті электродқа қатысты алынған мыс электродының шын потенциалын есептеу керек. Мыс электроды 300С температурада 0,02н мыс тұзы ерітіндісіне батырылған Е0Сu2+/Cu =+0,345В. Жауабы: +0,294В.
300С температурада стандартты сутекті электродқа қатысты алынған алюминий электродының потенциалын есептеу керек. Алюминий электроды 500мл құрамында 13,35г АICI3 тұзы бар ерітіндіге батырылған. Жауабы: +1,656В.