Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет152/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Өткізгіштердің қандай негізгі 2 түрі болады?
2. Сименс (См) өлшем бірлігі нені көрсетеді?
3. Катиондар мен аниондар қозғалғыштығы деген не?
4. Тура кондуктометрияның қолданылуына мысал келтіріңдер.
5. Кондуктометриялық титрлеуді қандай жағдайларда пайдаланады?


Дәріс 29. ВОЛЬТАМПЕРОМЕТРИЯ. АМПЕРОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ

Сырттан берген кернеуге байланысты электролиттік ұяшық арқылы өткен тоқты тіркеуге және оны зерттеуге арналған әдіс – вольтамперометрия (полярография). Бұл әдістің негізінде электролиз процесі жатыр. Полярографияда да 2 электрод қолданылады: бір электродтың бет өлшемі өте кішкене (микроэлектрод), екіншісінікі – үлкен болады. Анықталатын зат бір электродтың бетінде не тотығады, не тотықсызданады. Салыстырмалы электрод ретінде қаныққан каломель (Hg2CI2) электроды не электролизер түбінде жататын сынап қабаты қолданылады. Индикаторлық электрод ретінде тамшылайтын сынап электроды, микродискалық платина электроды, айналатын не стационар графит электроды қолданылады. Осы электродтарға сыртқы тұрақты тоқ беретін электр көзінен бір қалыпты өзгеретін кернеу беріледі. Беті үлкен электродта тоқ тығыздығы (I,А/S,см2) өте аз болады, сондықтан оның потенциалы тұрақты деуге болады, ал микроэлектродта (беті өте кішкене болғандықтан), тоқ тығыздығы (I/S) бірсыпыра болады. Олай болса, полярография кезінде тек микроэлектрод поляризацияланады, яғни өзінің тепе-теңдік потенциалын өзгертеді. Сонымен сырттан кернеу (Е) катод потенциалының (тамшылайтын электрод), анод потенциалының (салыстырмалы электрод) өзгеруіне және ерітінді кедергісін жеңуге жұмсалады: Е = ЕК - ЕА + IR .


Анализге түсетін ерітіндінің кедергісін азайту үшін индифферентті электролит - фон (қышқыл, сілті, тұз, буфер ерітінділер) қосады, сонымен сыртқы кернеу тек ЕК өзгерісіне жұмсалады. Егер индикатор электродында (тамшылайтын сынап электроды) кернеу мен тоқ байланысы арасында график тұрғызса, оны полярограмма деп атайды. Толқынның ортасына сәйкес келетін потенциалды (Е1/2)- жартылай толқын потенциалы деп атайды, ол анықталатын зат табиғатына байланысты, сондықтан сапалық анализде қолданылады, ал толқын биіктігі оның концентрациясына тәуелді. Сондықтан полярография аналитикалық химияда сапалық және сандық анализде қолданылады. Полярография әдісінде сандық анализ жасау үшін Илькович теңдеуі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет