Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯ. КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫНЫҢ (КMnO



бет181/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯ. КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫНЫҢ (КMnO4) НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН ТИТРІН АММОНИЙ ОКСАЛАТЫ НЕ ҚЫМЫЗ ҚЫШҚЫЛЫ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР:



  1. Перманганаттың тотығуы ортаға байланысты қалай жүреді (қышқыл, негіз және нейтрал ортада) және оны қалай түсіндіруге болады? КМnO4-тің барлық жағдайдағы эквивалентін және эквивалент массасын табындар.

  2. Перманганаттың стандартты ерітіндісін дайындау үшін не себепті дәл массасын өлшеу қажет емес? Неге оның титрін бірнеше күннен кейін анықтайды?

  3. Қымыздық қышқылын (не оксалатын) титрлеген кезде калий перманганатының алғашқы тамшысы неге өте ақырын түсін өзгертеді, ал кейінгі титрлегенде КМnO4 түсі өте тез өзгереді?

  4. Перманганатты қымыздық қышқылымен (не оксалатымен) титрлегенде жүретін реакция тендеуін жазындар. Қымыздық қышқылының эквивалент массасы (Н2С2О42Н2О) не аммоний оксалатының ((NH4)2C2O4  2H2O) эквивалент массасы қанша болатынын есептеңдер.

  5. Қышқыл орта алу үшін неге күкірт қышқылын қолданады.


ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ
1. 0,02н ерітінді алу үшін қанша Н2С2О42Н2О массасы керек екенін есептеңдер. Колба көлемі 100-250 мл.
Бюкс массасы техникалық таразыда, г -----------------
Бюкс массасы аналитикалық таразыда, г --------------
Бюкс массасы мен Н2С2О42Н2О массасы техникалық таразыда, г ---
Бюкс массасы мен Н2С2О42Н2О массасы аналитикалық таразыда, г ---
2.Қымыздық қышқылының массасын жоғалтпастан колбаға көшіріп, дистильденген суда ерітіңдер. Колбаның белгіленген ернеуіне дейін дистильденген суды құйып, жақсылап араластырыңдар.
3. Титрлеуге арналған колбаға 2н 10мл күкірт қышқылын (қышқыл көлемін цилиндрмен өлшеңдер) құйып, 80-900С-қа дейін қыздырындар.

  1. 10,00см3 қымыз қышқылын пипеткамен алып (пипетканы бірнеше рет осы қышқылмен шайқау керек), қызып тұрған күкірт қышқылының ерітіндісінің үстіне құйындар.

  2. Бюретканы бірнеше рет перманганат ерітіндісімен шайқап, оны осы ерітіндімен толтырындар.

  3. Қымыздық қышқылының ыстық ерітіндісін калий перманганатына тамшылатып құйып, титрлендер. Әрбір келесі тамшыны КМnO4 түсі өзгерген соң құйындар.

  4. Өзгермейтін ашық қызыл түс болғанға дейін титрлеуді жүргізіңдер. Титрлеуді 3 реттен кем жасамаңдар (ол үшеуінің арасындағы айырмашылық 0,1см3 болу керек).

Vорта = V1+ V2 + V3 /3;
Калий перманганатының титрі мен нормальды концентрациясын есептеу үшін Vорта алу керек.
Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек.
Қымыздық қышқылының массасы, г ----------------
Қымыздық қышқылының титрі, г/см3 -------------------
Қымыздық қышқылының нормальды концентрациясы,
Калий перманганатының нормальды концентрациясы,
Калий перманганатының титрі, г/см3 -----------------
Перманганатометрия әдісі арқылы ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШТАРДЫ (темірді, қалайыны, оксалаттарды, нитриттарды т.б. тура титрлеу арқылы, ТОТЫҚТЫРҒЫШТАРДЫ кері титрлеу арқылы), ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ (құмырсқа, лимон, салицил т.б. қышқылдарды) анықтауға болады.
Перманганатометрия әдісі сүт және сүттен жасалған тағамдарды анализдеуге қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет