Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯСЫН ҚОЛДАНЫП ТИТРЛЕУ, РЕДОКСИМЕТРИЯ



бет178/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯСЫН ҚОЛДАНЫП ТИТРЛЕУ, РЕДОКСИМЕТРИЯ

Тотығу-тотықсыздану титрлеу тәсілдері тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген. Титрант ретінде тотықтырғыш немесе тотықсыздаңдырғыш болатын қосылыстардың ерітіндісі пайдаланылады, не анықталатын қосылыс не тотықтырғыш, не тотықсыздаңдырғыш қасиет көрсетуі керек. Титрлеу барысында тотықтырғыш пен тотықсыздаңдырғыш арасындағы реакция нәтижесінде жүйенің потенциалы өзгереді, эквиваленттік нүктеге жақындағанда секіріс болады. Редокс индикаторларды қолданып титрлеудің соңғы нүктесін дәл аңықтауға болады. Титрлеуге жұмсалған титранттың көлемін біле тұрып, анықталған компоненттің (не тотықтырғыш, не тотықсыздаңдырғыш ) мөлшерін есептеуге болады.


Тотығу-тотықсыздану титрлеуі титранттың табиғатына байланысты топтастырылады:
- перманганатометрия – титрант KMnO4 ерітіндісі;
- иодометрия - титрант I2 және Na2S2O3 ерітінділері;
- бихроматометрия - титрант К2Сr2O7 ;
- нитриметрия - титрант KNO2;
- броматометрия - титрант KВrO3;
- цериметрия - церий (ІV) тұздары ерітінділері т.б.
Индикаторды тирлеу қисықтарына және әрекеттесетін қосылыстардың тотығу-тотықсыздану потенциалдарына сүйеніп таңдайды.
Сандық анализде келесі шарттарды қанағаттандыратын тотығу-тотықсыздану реакциялары пайдаланылады:
1. қайтымсыз және жанама процестер жүрмеуі тиіс;
2. химиялық реакцияның жылдамдығы жоғары, өнімдерінің құрамы тұрақты болуы қажет;
3. эквивалентті нүкте анық (дәл) анықталуы қажет.
Анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданады (тура, кері, жанама) титрлеу.
Тотығу-тотықсыздану реакциясының ЭКҚ 0,4 В болғанда тура титрлеу тәсілін пайдаланады, себебі бұл жағдайда реакция қажетті жылдамдықпен және аяғына дейін жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет