МАГНИЙ ИОНДАРЫНЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Реагенттер мен құралдар:
1.Лабораториялық фотометр ЛМФ-72
2.Хлорид-аммиактық буферлік ерітінді
3.Стандартты трилон Б ерітіндісі 0,05М
Жұмысты орындау
Зертханалық фотометр ЛМФ-72 инструкциясымен жақсылап танысқан соң, анықталатын зат ерітіндісін (оқытушыдан алады) 10мл титрлейтін кюветаға құйып, 2мл буферлік ерітінді қосып, 10 тамшы хромоген қара Т индикаторын тамшылатады, кюветаны кювета ұстағышқа орналастырып, ерітіндіні трилон Б ерітіндісімен титрлеп, ток шамасын өлшеп отырады. Алынған нәтижелер бойынша график құрады. Абциссаға трилон Б көлемін, ал ординатаға тоқ мәні қойылады. Эквиваленттік нүкте (VтрБ) титрлеу қисығының сыну нүктесінен абциссаға перпендикуляр түсіріп, анықталады. Магний ионының концентрациясын мына формула бойынша анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: |