МЫСТЫ (ІІ) АММИАКАТ ТҮРІНДЕ ҚОСПА ҚОСУ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Реагенттер:
1.NH4ОН ерітіндісі, (1:3).
2.Мыс (ІІ) тұзының стандартты ерітіндісі, ТCu2+ = 2мг/мл дайындау үшін 7,8540г мыс (ІІ) сульфатын CuSO4 5H2O дистильденген суда ерітіп, 10мл концентрлі H2SO4 ( =1,84г/мл) қосып, 1 литрге дейін сұйылтады.
Жұмысты орындау
Төрт 50мл-лік өлшегіш колба дайындайды. Төрт колбаға лаборанттан бірдей мөлшерде анализденетін мыс (ІІ) ерітіндісін алады. Екінші колбаға 2мл стандартты мыс (ІІ) ерітіндісін, үшінші колбаға 3мл, төртінші колбаға 4мл стандартты мыс (ІІ) ерітіндісін қосады. Сонан соң әрбір колбаға 10мл аммиак ерітіндісін (1:3) қосып, белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізеді, ерітінділерді араластырады да, дистильденген сумен салыстырып, фотометриялайды. (Жарық фильтрі мен кюветаны алдын ала таңдап алу керек).
Достарыңызбен бөлісу: |