Эксперимент нәтижесін математикалық статистика тәсілімен өңдеу
Жұмысты орындағаннан соң, барлық қажетті есептеулерді жүргізгеннен кейін, алынған мәліметтерді математикалық статистика тәсілімен өңдеу қажет.
Эксперимент нәтижесін өңдеген кезде: а. есептеу кезіндегі қателерді бағалау және ескеру қажет; б. алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу және оларды анализдеу керек.
Аналитикалық әдістер кезінде және есептеулер барысында мынандай қателер кетеді: тұрпайы, жүйелік және кездейсоқ.
Тұрпайы қателер: Бір ыдыстан екінші ыдысқа сынаманы (үлгіні) аударғанда жоғалтып алуы мүмкін, бюреткадан, пипеткадан дұрыс мән алмауы мүмкін, экспериментатордың көзінің ақаулылығынан, есептеу кезінде арифметикалық қателер кетуі мүмкін. Бұл қатені жақын мәндер арасында бір не бірнеше мән ерекшеленіп тұрса, ол мәнді алып тастау арқылы есепке алуға болады.
Жүйелік қателер. Жүйелік қателерді көбінесе аспаптар қателігі береді, сонымен бірге реактивтердің кірлігінен, калибрленбеген өлшегіш колбалар, пипеткалар, бюреткалармен жұмыс орындау нәтижесінде болады, әдістемелерде қате кетуі мүмкін.
Жүйелік қате кезінде эксперимент қоюшы адам нәтижелердің үлкен ауытқуларын байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |