Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет244/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Кездейсоқ қателер. Эксперимент нәтижесіне температура, атмосфералық өзгерістер не эксперимент қоюшы адамның жеке ерекшелігі әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге кездейсоқ қателер жеткілікті дәрежеде титрленбеуі, тұнбаға түспеуі, фильтрленбеуі мүмкін. Кездейсоқ қатені байқау және жою мүмкін емес, сондықтан қателер теориясы деп кездейсоқ қателер теориясын айтады. Кездейсоқ қателердің статистикалық сипаттамалары.
Орта шама. Аналитикалық анықтаулардың мақсаты - анықталатын заттың шын мәніне жақын мәнді анықтау.
ИЮПАК кепілдемесі бойынша орта арифметика шама хорта деп белгіленеді, оны өлшенген мәндерді қосып, жалпы өлшенген мәндер санына бөліп, анықтайды:
хорта = (х1 + х2 + х3 + ... + хn) /n = ∑ х /n
Ауытқу. d әріпімен белгілеп, әр өлшенген мәннен орта арифметикалық мәнді алып тастап, анықтайды: d = (х-хорта), оң және теріс орта мәннен ауытқыған мәндер қосындысы өзара тең және қосындысы ∑ d=0 болады. d - орта шамадан ауытқу. Стандартты ауытқу (S): S=√∑ d2 /(n-1), ол орташа мәнге қатысты ауытқуларды сипаттайды, яғни анықтаудың дәлдігін көрсетеді. Кейде практикада салыстырмалы стандартты ауытқуды Sг қолданады: Sг=S/хорта . Көбінесе орташа мәннің стандартты ауытқуын санайды: Sхорта = S/√n.
Дисперсия. Стандартты ауытқудың квадратын дисперсия деп атайды – V. V = S2. V мәні аз болған сайын анализ дәлірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет