Байланысты: 260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
2. Химиялық қасиеттері 2.1. Пропил спирті мен изопропил спиртінің а) натриймен; б) кальциймен реакция теңдеулерін жазу керек, алынған заттардың аттарын атау қажет.
2.2. а) 2-метил-1-пропанол натрий алкоголятының; б) натрий бутилатының; в) калий изопропилатының; г) магний метилатының алу реакцияларының және гидролиз процестерінің теңдеулерін жазу керек. Гидролиз нәтижесінде түзілген заттардың аттарын атау қажет.
2.3. Концентрлі тұз қышқылымен (мырыш хлориді қатысында) мына заттардың а) изопропил спиртінің б) бутил спиртінің в) 2-пентанолдың реакция теңдеулерін жазып, алынған қосылыстардың аттарын атау қажет.
2.4. а) пропил спиртінің фосфор пентахлоридімен; б) этил спиртінің фосфор трихлоридімен; в) 3-метил-1-бутанолдың фосфор трибромидімен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазу қажет.
2.5. а) 3-метил-1-хлорбутан; б) 2,2-диметил-1-бромгексан; в) 3,3-диметил-2-иодгептан; г) иодизопропан, осы заттарға сілтінің сулы ерітіндісімен әсер еткенде қандай спирттер түзіледі? Реакциялар кестелерін жазып, түзілген спирттердің аттарын атау қажет.
2.6. Галогентуындылардың гидролизі әсерінен мына спирттердің түзілуінің: а) 1,3-пропандиол; б) 2-метил-1,4-бутандиол реакция теңдеулерін жазу керек.
2.7. Мына көмірсутектерден а) СН2 = CH-CH2-CH3; б) СН3-СН(СН3)-СН=CH2; в) СН3-СН= CH-CH3 гликольдер алу реакция теңдеулерін жазу керек.
2.8. 9,2г натрий 100мл этил спиртімен (96%-ті, ρ = 0,8г/мл) әрекеттескенде қанша көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?
2.9. 15,5г қарапайым екі атомды спирт алу үшін (реакция шығымы 50%) калий перманганаты ерітіндісі арқылы қандай және қанша көлем (қ.ж.) газ тәріздес органикалық затты өткізу керек?
2.10. 0,24м3 этил спиртін (96%-ті, ρ=800кг/м3) дегидрлеп, дегидратациялап шығымы 90% болатын бутадиеннің қанша массасын алады?
2.11. 2г глицеринге натрий металымен әрекет етсе, максимал қанша көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?
2.12. Органикалық А затын тотықтырып В затын, сосын С затын алады, бұл зат тағам (ас) дайындауда қолданылады. А заты натриймен әрекеттесіп, сутегін бөледі, бірақ натрий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттеспейді. Ал С заты натриймен де, натрий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттеседі. А заты қыздырған кезде концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесіп, қанықпаған Д қосылысын түзеді, бұл зат полимер өндірісінде қолданылады. Д затына хлормен әрекет етіп, майларды ерітетін бағалы еріткіш алуға болады, сонымен бірге басқа да еріткіштер (қандай?) алуға қолданылады. Осы айтылған барлық заттарды атап, реакция теңдеулерін жазу керек.
2.13. Органикалық А заты өзіне тән иісі бар түссіз сұйықтық. Натриймен жеңіл әрекеттеседі, сонда түзілген заттың біреуі түссіз, иіссіз газ тәріздес жай зат В. А заты қыздырылған мыс (II) оксидімен әрекеттескенде, өткір иісті түссіз пластмасса өндірісінде көптеп қолданылатын С заты түзіледі С затының сулы ерітіндісі тері өндірісінде қолданылады. С затын реакция жағдайын өзгерте отырып органикалық қышқылға не А затына айналдыруға болады. Сонымен, А,В,С заттарын атау керек. Айтылған реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.14. 23г этанолды концентрлі күкірт қышқылымен қыздырғанда екі органикалық қосылыс түзілген. Түзілген заттың біреуі (газ тәріздес) 40г 40%-төртхлорлы көміртек ерітіндісіндегі бромды түссіздендіреді. Ал екінші заты жеңіл оңай қайнайтын сұйық зат. Сонымен қандай заттар және қанша мөлшерде (массасы бойынша) түзілген. Этанол толық реакцияға түскен.
2.15. Мына өзерістерді іске асыратын реакция теңдеулерін жазу қажет:
a) С2Н4 → С2Н5Сl → C2H5OH → C2H5-O-CH3 б) СН4 → СН3Вr → СН3ОН → СН3-О-СН3 2.16. Мына заттарды атап, алу реакция теңдеулерін жазу керек: С2Н5-О-С2Н5; СН3-О-С2Н5 2.17. Мына спирттерді дегидратациялап жай эфирлер алу керек:
а) пропил және изопропил спирттерін;
б) 2-метилбутанол-2 спиртінің 2 молекуласын;
в) пентанолдың 2 молекуласын. Алынған қосылыстардың аттарын атау қажет.