Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Дәріс 41. КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕР. МАЙЛАР



бет330/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Дәріс 41. КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕР. МАЙЛАР


Күрделі эфирлердің түзілуі. Оларды алу.
Физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуы

Күрделі эфирлер спирттер органикалық карбон қышқылдарымен әрекеттескенде түзіледі, реакцияны эфирлеу деп атайды, реакция қайтымды. Катализатор ретінде қышқылдың сутегі ионы алынады. Жалпы формуласы R- СООR не RСООR1.


Күрделі эфирлерді спирттер мен карбон қышқылдарын әрекеттестіріп, галогенацилдерді және алкоголяттарды әрекеттестіріп алады:
Н+
1.СН3СООН + НОСН3  СН3СООСН3 + Н2О
2.СН3СОCl + NaОС2Н5 → СН3СООС2Н5 + NaCl
Триглицеридтер - не бейтарап майлар, жоғары қарбон қышқылдары мен глицерин әрекеттесуі әсерінен алынады. Майлар - глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.

глицерин глицерин үшстеараты

Табиғи майлардың құрамында үнемі глицерин және жоғарғы карбон қышқылдары болады. Күрделі эфирлер сияқты, майлар да гидролизге (сабындануға) түседі: сілтілер, минералды қышқылдар әсерінен.





стеарин қышқылы
О- қаныққан не қанықпаған карбон қышқылының қалдығы (ацил).
Ацилге байланысты қатты майлар (май құрамында қаныққан ацил көп болады) және сұйық не өсімдік майлары (қанықпаған ацил көп болады).
Биологиялық әдіспен майларды ыдыратуға болады, онда энзимдер, мысалы, липазалар қолданылады.
Екі не одан да көп қос байланысы бар өсімдік майлары тотыққан кезде мөлдір пленка түзеді - ондай майларды кепкен майлар деп атайды. Кендір майларына қорғасын оксидін қосып пісірсе, олифа алынады, бояулар алу үшін қолданылады.
Өсімдік майларын гидрлеп, қатты майлар алады. Оларды сабын алуда және тамақ өндірісінде маргарин алуға қолданылады. Маргариннің қасиетін жақсарту үшін оған сүт, жұмыртқа, А витаминін қосады.
Майлар - тамақ өнімдерінің бағалы құрамы болып табылады. Организмге май энергия береді. Табиғи майларда көптеген пайдалы заттармен қоса А, Д, Е витаминдері болады. Күнделікті адамдар 60-70г май қабылдау керек. Май сонымен бірге организмді салқындаудан қорғайды.
Организмде глицерин глюкозадан синтезделеді. Бірнеше қос байланысы бар қышқылдар (линолевая, линоленовая) тек өсімдіктерде синтезделеді, олар организмде болмаса өсу баяулайды, бүйрек функциясы бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет