Байланысты: 260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
Карбон қышқылдары тақырыбына есептер мен жаттығулар
1. Изомерия және номенклатура 1.1. Мына қышқылдарды халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атау қажет: а) СН3-СН2-СООН; б) СН3-(СН3)2СООН;
в) СН3-СН2-СН(СН3)СООН; г) СН3-СН2-СН(СН3)-СН(СН3)СООН
Алғашқы екі қышқылдың тривиальды аттарын атау керек.
2.2. а) 2-метилгексан қышқылы; б) 5-метилгексан қышқылы; в) 2,3-диметилпентан қышқылы; г) 3,3-диметилпентан қышқылы формулаларын жазу керек.
2.3. С5Н10О2 құрамды барлық қышқылдар изомерлерін жазып, халықаралық жүйелік және рационалды номенклатура бойынша атау керек. Олардың жалпы тривиальды атын атау керек.
2.4. С4Н6О2 құрамды бір негізді қанықпаған тармақталмаған көміртек тізбегі бар қышқылдар формуласын жазып, аттарын атау керек.
2.5. а) цис-α, β-диметилакрил қышқылының;
б) транс-β-изопропилакрилқышқылының формулаларын жазу керек.
2.6. Мына қышқылдың СООН-СН=СН-СООН геометриялық изомерлерінің формулаларын жазу керек. Олардың тривиалды аттарын атау қажет.
2.7. Мына қышқылдардың СН3(СН2)14СООН; СН3(СН2)16СООН; С17Н33СООН
тарихи аттарын атау керек. Жоғары май қышқылдары деп қандай карбон қышқылдарын айтады?