Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет345/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Алу жолдары


I. α – амин қышқылдарын алу
1. Хлоралмасқан қышқылдарға аммиакпен әсер етіп:

NH3 + Сl – СН2СООН → НСl +NH2 – СН2СООН




2. Альдегидтерге аммиак және циан қышқылымен әрекет етіп (Штрекер реакциясы):



3. Ақуыздардың гидролизі нәтижесінде 25 әр түрлі аминқышқылдары алынады.


II. β – аминқышқылдарын алу


1. Қанықпаған қышқылдарға аммиак қосып, катализатор қатысында





2. Малон қышқылынан алу (В.М. Родионов реакциясы):

СН3-СНО + СН2(СООН)2 + NH3 → СН3 –СНNH2 – CН2 СOOH +Н2О+СО2




АҚУЫЗДАР. ПЕПТИДТЕР ЖӘНЕ ПЕПТИДТІК БАЙЛАНЫСТАР
Амин қышқылдары - түссіз кристалды заттар, суда жақсы ериді. Бір негізді аминқышқылдары бейтарап орта көрсетеді. Екі немесе бірнеше амин қышқылдарынан су бөлінгенде, түзілетін заттарды пептидтер деп атайды. Бұл жағдайда амин қышқылдарының арасында пептидтік байланыс пайда болады.



пептидтік байланыс
Егер пептидтер екі амин қышқылынан түзілсе дипептид, үшеуден түзілсе трипептид, ол көп амин қышқылдарынан түзілсе - полипептид деп аталады. Пептидтердің аталуы қатысқан амин қышқылдарының атымен аталады және бірінші амин қышқылының атына «ил» жалғауы қосылады. Полипептидтердің құрылысы тізбекті болады, кез келген амин қышқылдары бір - бірімен әр түрлі қосыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет