Байланысты: 260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
3. Алу жолдары 3.1. Анилинді өндірісте қалай алады және ол қайда қолданылады?
3.2. Егер шығымы 90% болса, 61,5г нитробензолдан қанша анилин алынады?
3.3. Ацетанилидтен С6Н5NН-СО-СН3 гидролиз реакциясы арқылы алынған өнімдерді атау керек.
3.4. 18,5т анилинді цехта 1 ай ішінде алады, егер өндіріс шығымы 10% болса, көрші цехтан қанша нитробензол алу керек.
3.5. Аммиак қосу арқылы бромы бар қышқылдан аланин алған, ал глицеринді хлорсірке қышқылынан алған. Осы қышқылдардың алыну реакцияларының теңдеулерін жазу қажет.
3.6. а) γ-бромизомай қышқылына; б) α-хлорпропион қышқылына; в) γ-бромвалериан қышқылына аммиакпен әсер еткенде түзілетін амин қышқылдарының түзілу реакциялары теңдеулерін жазу керек.
3.7. Этил спиртінен глицин алу реакцияларының теңдеулерін жазу қажет.
3.8. Ақуыз гидролизі нәтижесінде түзілетіен аминқышқылды жазу керек.
3.9. α- аминпропион қышқылын бірнеше әдіспен алу керек.
3.10. Пропион альдегидінен аланинді синтездеу керек.
3.11. Сірке қышқылынан екі сатылы синтез арқылы 30г аминсірке қышқылы алынған. Сірке қышқылының артық мөлшерін 25мл 19%-ті калий гидроксидімен (ρ=1,18г/мл) бейтараптаған. Егер өнім шығымы синтездің әр сатысында 80% болса, қанша сірке қышқылы алынған?
3.17. 16,6г этил және пропил спирттерінің қоспасына натрийдің артық мөлшерін қосқанда 3,36л (қ.ж.) сутегі бөлінген. Спирттердің қоспадағы сандық құрамы қандай? 17,8г 1-нитропропанды тотықсыздандырып пропиламин алу үшін сутегі осы қоспаның қандай массасынан бөлінеді?
4. Ақуыздар 4.1.Дипептидтер формуласын жазу керек: а) аланил-глицин; б) аланил-лизин; в) глутамил-глицин.
4.2.Мына дипептидтер қандай α-амин қышқылдарынан түзілген: а)NH2-CH(CH3)-CO-NH-COOH; б)NH2-СН(СН3)-СОNH-CH2-CH(CH3)-COOH;
4.3.Ақуыздардан қандай амин қышқылдары бөлінеді? Олардың формулаларын жазу қажет.
4.4. Амин қышқылдары қандай мақсаттар үшін қолданылады?
4.5. Адам организмінде ақуыздар қандай функция атқарады?
4.6.Ақуыз молекулаларының біріншілік, екіншілік және үшіншілік структураларына анықтама беру керек.
4.7. Ақуыздардың қасиеттерін сипатау керек.
4.8.Ақуыздардың денатурациясы қандай жағдайларда жүреді? Осы процестің мәні неде?
4.9. Организмдегі ақуыздың өзгеру (айналу) процестерін сипаттау керек.
4.10. Мына молекулалардан түзілген трипептидтердің формуласын жазу қажет: а) глициннің бір молекуласы мен аланиннің екі молекуласынан;
б) глициннің екі молекуласы мен аланиннің бір молекуласынан.