Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет44/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Тәжірибе барысы:
Көптеген металдар натрий және калий силикаты ерітінділерімен әрекеттескенде ерімейтін тұнбалар түзеді. Олар аморфты силикаттар болып табылады. Өйткені, бұл заттар аморфты құрылымға ие, олардың құрамы кей жағдайларда – алу жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан CuSiO3, Al2(SiO3)3, CaSiO3 және т.с.с. формулалар шартты болып табылады және тұнба құрамына сәйкес келуі сирек.



Мыс Кобальт Хром
силикаты силикаты силикаты


Алтын жаңбыр


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • калий иодиді

  • қорғасын нитраты

  • азот қышқылы

  • 2 литрлік құты (реактор) немесе стақан

  • су

  • химиялық стақан

  • шыны таяқша

Тәжірибе барысы:
«Алтын жаңбыр» - бұл ең әдемі химиялық эксперименттердің бірі. Тәжірибені жүргізу өте оңай. Ол үшін бізге калий иодиді мен қорғасынның кез-келген ерігіш тұзы керек. Мысалы, қорғасын нитраты Pb(NO3)2
Қорғасын иодидінің ыстық суда ерігіштігі орташа, ал салқын суда – нашар. Егер калий иодиді мен қорғасын нитратының салқын ерітінділерін араластырса, онда сары тұнба түзіледі:
Pb(NO3)2 + 2KI = PbI2↓ + 2KNO3
Қорғасын иодидінің кристалдарының кішкентайлығы сонша, олар тіпті көзге көрінбейді. Егер калий иодиді мен қорғасын нитратының ыстық ерітінділерін араластырса, тұнба түспейді. Бірақ салқындата бастағанда қорғасын иодидінің ірі кристалдары жылтыраған алтын пластинка түрінде түзіледі. Олар біртіндеп көбейеді және жәймендеп тұна бастайды. Уақыт өте келе кристалдар көбейеді. Құтыда нағыз алтын жаңбыр басталады.
Тәжірибені мүмкіндігінше күннің көзі түсетін жарық жерде жүргізген дұрыс. Экспериментке көлемі бірнеше литрлік құты немесе стақан пайдаланылады. Тіпті, үш литрлік банкі де жарайды. Бірақ абай болыңыз, ол ыстық судан шытынап кетпеуі керек.



Тәжірибеге көлемі 2-3 литрлік құты (реактор) алыңыз, оның ¾ бөлігі ыстық сумен (қайнағанға дейін шәйнекте қыздырылады) толтырылады. Шағын стақанға 7г қорғасын нитраты ерітіледі де, азот қышқылымен қышқылдандырылады. Қорғасын хлориді мен сульфатының лайы түзілмес үшін мүмкіндігінше дистельденген суды алған дұрыс. Бірақ краннан ағып тұрған су да жарай береді. Тәжірибе барысында қорғасын хлориді мен сульфатының лайы жоғалып кетеді.


Құтыға аздаған мөлшермен калий иодидінің қатты қанық ерітіндісі құйылады. Ерітіндіні қосқан кезде сары тұнба түзіледі. Бірақ ол ыстық суда бірден еріп кетеді. Иодид ерітіндісінің келесі мөлшерін қосқанда тұнба тоқтайды – тіпті араластырғаннан кейін де жеңіл сарғылт лай қалады. Содан кейін құты қойылып жәймендеп суытылады. Уақыт өте келе қорғасын иодидінің кішкентай кристалдары пайда бола бастайды. Олар күнге жарқырап көрініп тұрады. Кристалдар біртіндеп үлкейіп, мөлшері көбейе бастайды. Сөйтіп ерітінді толығымен ірі алтын пластинкаларға айналады. Біртіндеп кристалдар тұнады, бірақ ерітіндіні араластырсаң болғаны алтын жаңбыр қайтадан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет