Тәжірибе барысы: Хромды ангидрид – бұл қоңыр қызыл түсті кристалды хром (ІV) оксиді. Ол – күшті тотықтырғыш. Фарфор кесеге шамалы хром оксидін саламыз. Сосын кесеге хром оксидінің үстіне бірнеше тамшы ацетон тамызамыз. Бірнеше секундтан кейін ацетон лап етіп жанады.
Р еакция нәтижесінде ацетон су мен көмірқышқыл газына дейін тотығып, ал хром (ІV) оксиді хром (ІІІ) оксидіне дейін тотықсызданады:
16CrO3 + 3CH – C – CH3 → 9CO2 + 8Cr2O3 + 9H2O
ǀǀ
O
Рекцияны әрі қарай қайталауға болмайды. Өйткені, ол оңай тұтанатын зат болғандықтан қауіпті!
Ыдыстағы гүл шоғы
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
крахмал клейстері
иодтың спирттегі тұнбасы
аузы жабылатын банкі
қағаздан жасалған гүл
тамшуыр
Тәжірибе барысы: К рахмал клейстері сіңірілген қағаздан гүл жасаңыз және ол гүлді қақпағы бар шыны банкінің ішіне орналастырыңыз. Гүлді әдемі көрінетіндей етіп тікейтіп қойыңыз. Сосын банкінің ішіне бірнеше тамшы йодтың спирттегі тұнбасын тамызыңыз.
Сосын банкінің қақпағын мықтап жауып қойыңыз. 20-30 минут өткеннен кейін гүлдің күлтелері көк түске боялады. Мұндай түске крахмал йод қатысында ие болады. Себебі, спирт ұшып кеткеннен кейін йод банкінің барлық жеріне таралады.
Көңілді шар
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
бөтелке
ауа шары
ас содасы
сірке қышқылы
Тәжірибе барысы: Мереке күндері шардың орны ерекше. Ал, сол шарды ауызбен емес, басқаша үрлеуге бола ма? Әрине, болады. Ол үшін шардың ішіне 1 шай қасық ас содасын салыңыз. Сосын бөтелкеге сірке қышқылын құйыңыз. Шарды бөтелкенің басына кигізіп, ішіндегі соданы бөтелкеге себіңіз немесе төгіңіз. Қандай құбылыс байқалады?
Реакция нәтижесінде сірке қышқылы содамен әрекеттесе бастаған кезде, СО2 газының бөлінуімен күшті химиялық реакция жүреді.
CH3COOH + Na(HCO3) → CH3COONa + H2O + CO2↑
Ауа шары көз алдымызда үрлене бастайды. Егер тәжірибеге суреті бар шарды алатын болсақ, онда балалардың қызығушылығы артады.